?аза? тілі п?нінен С?йлеу м?дениеті


Қазақ тілі
Уақыты: 07.09.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалана білу және ауызекі, жазба тілде шақыру, құттықтау ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың міндеті: Шақыру қағаздарын жазуға үйрету. Құттықтау мәтіні сызбасымен жұмыс
Сабақтың әдісі: рафт стратегиясы
Ресурстар: стикерлер, ақ қағаздар
Күтілетін нәтиже: хат жазуға, тілек жазуға үйренеді
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал
«күн шуағы» толтыру
ІІ.Үйге тапсырманы сұрау: үйге берілген 11-жаттығуды тексеру
ІІІ.Тұсаукесер: әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер айту
«Әдеп басы –тіл» деп неліктен айтады?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Маржан ең әуелі әдептілігін әжесі мен атасына көрсетіп жүр. Ол ерте тұрған атасының қасына келіп:
-Қайырлы таң, ата! –дейді.
-Таң қайырлы болсын, жарығым! –деп, атасы риза болады.
Одан соң Маржан ертеңгі астың алдын атасына ұсынып:
-Ас тәтті болсын! – дейді.
-Іншалла, ас болсын, - деп, атасы бата береді.
Жұппен жұмыс:
Маржан қандай қыз?
Әдептілікті қалай түсінесің?
Әдепті деп қандай адамды айтады деп ойлайсың?
Мәтінге ат қой.
3-жаттығу.Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің? Оларды сөйлеу кезінде қолданасың ба?
Дәптермен жұмыс: 5-жаттығу
-Қайырлы күн!
-Қайырлы күн!
-Танысып қояйық. Менің атым- Дәурен. Сенің атың ше?
-Диас.Сен қай қаладан келдің?
Шығармашылық тапсырма: ребусты шешу
Рафт стратегиясы.бойынша жұмыс: танысу сұхбатын толықтырады.
Бағалау. Бағалау бетшесіне бағалайды.
Үйге тапсырма беру: үйге 7-жаттығу, 9-бет. Мархабат етіңіз, өтінемін, ренжімесеңіз деген сөздерді қолданып сөйлемдер құрап жазу
Рефлексия: Алма ағашы