?зін-?зі тану п?ні.САБА?ТЫ? ТА?ЫРЫБЫ: ЖЫЛЫ Ж?РЕК-ЖА?СЫ ТІРЕК


Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзімі №1Тақырып: Жылы жүрек – жақсы тілек
Құндылық: Дұрыс әрекет ету
Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, әділ болу.
Мұғалім: Сынып – 3 сынып Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жақсы тілек тілеуге, адамдарға мейірімділік танытуға баулу, дұрыс әрекет етуге үйрету.
Міндеттері:
• Оқушыларды адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеуге тәрбиелеу.
• Оқушыларға «Жақсы сөз жарым – ырыс» дегенді түсіндіре отырып, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулу.
• Оқушыларды жақсы сөздер мен жылы тілектермен сөйлуге тәрбиелеу.
Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы,баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1.Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақта үйренген жақсы сөздер мен жылы тілектеріңді жазыңдар. 2.Дәйексөз
Жақсы сөз – жан жылытар.
Халық даналығы
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
Жаңа тақырыпқа дайындық.
«Көңілді балалар» атты өлеңді оқып, талдау.
1.Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
2.Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөленесіңдер?
3.Әңгімелеу
Жақсы ата
Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу керек. Ал ондай адам көбіне – көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.
Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді.
Ол:
Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.
Әкесі:
Өзің ойнасаңшы, - деп сылап – сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып – толғанып отыратын әжесі есеп – қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:
Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін, - деді.
Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:
Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.
Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп.
1.Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?
2.Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаятты шешіңдер.
Демалыс күні достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.
Сен неге дастарқан басына жақындамай тұрсың ? - деді Қайрат.
Дайындап қойған тамағымды үйде ұмытып кетіппін.
Қиын болған екен, - деді Досан, нанын аузына қомағайлана тығып жатып.
Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.
Досан мен Қайраттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
Сендер мұндай жағдайда не істеген болар едіңдер?
5.Топпен ән айту
Бала тілегі
с. Х.Талғаров
ә.И.Нүсіпбаев
1.Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
2.Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
3.Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.
6.Үй тапсырмасы
«Жақсы сөз – жан жылытар» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. 7.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.