?зін-?зі тану п?нінен Жылы ж?рек та?ырыбында ашы? саба?


Науырзым ауданы білім беру бөлімінің
«Науырзым орта мектебі» ММ
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:
«Жылы жүрек –
жақсы тілек»
Өткізген: Оспанова Ж.С.
Күні: 17.01 Пәні: өзін-өзі тану 17-сабақ Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек –жақсы тілек.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін түсіндіру.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттері туралы
түсініктерін кеңейту.
Қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: дәптер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық ахуал
Ынтымақтастық орта қалыптастыру.
Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз тақтада тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:
-Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; т.б. Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.
Оқушыларды орындарына отырғызып, сабақты жалғастыру.
ІІІ.Өткен сабақ
Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Дос болайық бәріміз»
-Адал достықты қалай түсінесіңдер?
-Досына көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?
«Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес»
-Дос адам бір-біріне қашанда көмекші,тілекші. Адалдық, сенім нағыз достарға тән қасиет.
2. Жағдаяттар шешу.
Балалардың достық қарым-қатынастар туралы ойларын өмірде қолдануға дағдыландыру үшін ойлану жаттығуы.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасаймын.
3.Достық туралы мақал-мәтелдер.
Ал, енді кім достық туралы көп мақалдар біледі екен, соны көрейік.
ІҮ. Әңгімелесу.
Сұрақтар:
Екі топқа беріледі.
-Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілектер тілеген кезде қандай сезімде болдыңдар?
-Ал өзіңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Ү. Тыныштық сәті
Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді)
Жерім жайнап құлпырсын(Оң қолын жайып көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге(Екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі күн тұрсын.(Екі қолын екі жаққа жаяды)
Ортақ бізге туыстық (екі қолын төбесіне көтереді)
Нұр сыйлаған күн ыстық (Қолдарын жаяды)
Ыстық бізге ке өлке (Оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық (сол жаққа қарайды)
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастыру.
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.
ҮІ. Мәтінмен жұмыс.
Е. Шайқыұлы «Жақсы ата »
Мәтін интерактивті тақтада оқылады.
Сұрақтар:
-Атасы мен әжесі Ерасылға не сыйлады?
-Ерасылдың неліктен ызасы келді?
-Атасы Ерасылға қандай жақсылық жасады?
-Ерасыл қалай ойнады?
-Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді?
-Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
ҮІІ. Дәйексөз.
«Жақсы сөз – жан семіртер»
Түсіндіру:
-Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ал, ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
ҮІІІ.Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырма орындалады.
ІХ.Қорытынды
Сабағымыздың соңында «Бала тілегі» әнін бәріміз қосылып шырқайық.