Ыбырай Алтынсарин ?мірі 4-сынып


Шырағын жаққан білімніңӘр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт-бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Мәселен, есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы - Шоқан Уалиханов, ұлы кемеңгер ақын - Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер.Аталған екі ұлы есімді өзінің халқы үшін кешкен азаматтық ғұмыры, атқарған жарқын істері мен бір-біріне жалғастырып тұрған сахараның және бір данышпан перзенті бар, ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин. Педагог жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылдануы заңды. Өйткені, ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырды. 1850-1857 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин оқыған мектеп Осы үйде Ы. Алтынсарин 1883-1889 жылдар аралығында тұрған. Қостанай қаласы. Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңай түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды.Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі, күрескер Ыбырай Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын», - деп Н. И. Ильминскийге 1884 жылдың 14 сентябрінде сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп, әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ы. Алтынсариннің ұстазы Н. И. Ильминскийге жазған хаттары Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен – балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған 14 баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалықты таныс, ыстық қой. Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқым оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын (бұл жалпы халықтың да арман-тілегі емес пе?) іске асырушы болды. Қостанайдағы Ы. Алтынсарин ашқан мектеп Ы. Алтынсарин оқушыларымен Ы. Алтынсарин Қостанайдағы екі сыныптық училищенің оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...», - деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де атқарды. Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте 4 рет қайталап жарық көруі, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Ы. Алтынсариннің «Қазақ мектебінде орыс тілін үйретуге басшылық» кітабы Ы. Алтынсариннің Халық ағарту министрі Д. Толстоймен кездесу сәті. Орынбор. 1876 ж Ы. Алтынсариннің ізбасар шәкірттері Ы. Алтынсариннің бір әңгімесі Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп алдындағы ағартушының бюсті Ы. Алтынсарин кесенесі. Қостанай қаласы Ы. Алтынсариннің мемориялдық мұражайы. Қостанай қаласы Мұражай қорында 12 мың шамасында жәдігерлер сақтаулы Ы. Алтынсаринге баға берген тарихшы ғалымдар. Бар саналы ғұмырын туған халқын білімді, өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға – Ы. Алтынсарин. Ы. Алтынсарин дүниежүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту тәжірибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметін, орыс оқымыстыларына жазған хаттарын алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым – Бекежан Сүлейменов.