«1 сынып к?шбасшысы» интелектуалды білім сайысы.


«1 сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысы.
Мақсаты: а) 1 сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау,ой
ұшқырлықтарын байқау,ең білімді оқушыны анықтау.
Ә) Ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық әрекеттерді орындау
арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
Б) Оқушыларды тапқырлыққа,жылдамдыққа,ізденімпаздыққа
білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау,болжау,талдау.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Армысыздар,ұстаздар»
Тамсандырып өнерін,
Осы жарыс барысы
Жадыратсын жаныңды,
Көшбасшылар жарысы
Құрметті ұстаздар,оқушылар «Білімді мыңды жығар,білікті бірді жығар» дегендей 1 сыныптар арасындағы интелектуалдық «Сынып көшбасшысы» ойынымызға қош келдіңіздер!
ІІ Сайыс кезеңдері
« Тапқыр болсаң озып көр »
« Ұшқыр ой мергені»
« Кім жылдам»
« Білімпаз»
« Тіл өнері»
« Адасқан әріптер»
Уа, халайық,халайық!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
ІІІ Сайыскерлермен таныстыру
Олай болса,сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
1. Кенжеалиева Зере 1 А сынып оқушысы
2. Әбіл Таңат 1Ә сынып оқушысы
3. Тұңғышбай Мәди 1 Б сынып оқушысы
4. Бауыржанұлы Н 1 В сынып оқушысы
5. Төребай Б 1 Г сынып оқушысы
6. Иса Ақниет 1 Д сынып оқушысы
7. Өтеп Нұрлан 1 Е сынып оқушысы
Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Қырқынбаева Ләззат
2____________________________________________________

Оқушыларға тілек
Замана тартып жатыр жаңа істі алға,
Уа,адамдар думаннан қалыс қалма
Сұлудан сұлу озар әсемдікпен
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
дегендей бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
І-кезең «Тапқыр болсаң,озып көр»( Әр пән бойынша 13 сұрақ беріледі)
Қоңырау дауысын қандай сезім мүшесі арқылы естиміз?(Құлақ)
Ы дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты және жуан)
Ыдыста 7 қияр және одан 3-еуі артық қызанақ бар.Ыдыста неше қызанақ бар? (10 қызанақ)
Кой атасы қалай аталады ? (Шопаната)
Өзара кері амалдарды атаңыз? Қосу мен азайту
Қосудың компоненттерін ата? Қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні
Тасымалдауға болмайтын бір буынды сөздер? (От,сүт,қант)
7 санының көршілерін атаңыз? (6 және 8)
Жуан және жіңішке дауыстыларды атаңыз?(А-ә,ы-і,о-ө,ұ-ү)
Азайтудың компоненттерін ата?(Азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)
Ағашта 7 торғай отырды. Тағы 3 торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды?(10)
Сөз неден құралады және дыбыстар немен таңбаланады? Дыбыстардан құралады.Әріптермен таңбаланады
13.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?Кім?КІмдер?Не?Нелер?
ІІ-кезең. «Ұшқыр ой мергені» (сөз тіркесін құрастыру) .
Жүр қор сыпырып екен апасы ( Апасы қора сыпырып жүр екен)
Ісіне қуанды қызының ол. ( Ол қызының ісіне қуанды.)
Шашты жем тауықтарға Жанат. (Жанат тауықтарға жем шашты)
ІІІ-бөлім. «Кім жылдам?» (сурет бойынша әңгіме кұрау. Экранда аюдың,қоянның т.б суреттер беріледі.

ІV-кезең. « Білімпаз» (логикалық сұрақтар) 10 сұрақ беріледі,Әр сұраққа ойланып жауап беру қажет.
Жарты қаздың салмағы 3 кг болса,ал тұтас қаздың салмағы қанша? 6 кг.Жартысы 3 кг ,онда тұтасы 6 кг болады
Мейрам күні қонақтар билеуге шықты.Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болды,үшеуден билеуге тұрса да,тағы біреуі артық болып шықты.Қонаққа келген қонақтар саны 10–нан кем екені белгілі болса,неше қонақ келген? 7 Қонақ келген
Отбасында төрт бала бар:қыздар қанша болса,ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша,ұлдар қанша? Қыздар екеу,ұлдар екеу
Торда 12 құс отыр,оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? Жауабы: 12 құс,себебі тордан ұша алмайды.
Алмұрт алмадан ауыр,алма шабдалыдан ауыр.Сонда алмүрт ауыр ма,әлде шабдалы ауыр ма?Алмұрт ауыр
V-кезең. «Тіл өнері» (жұмбақ шешу)
Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ. (Ң)
Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.(Х)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)
Терісі бар,жүні жоқ,
Жүрісі бар,ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды (Балық)
Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ. (З)
Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл? (Көктем)
Сылдыр сұйық –су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да-қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауысасың көз майыңды,
Қалағаның табылар.(Кітап)
VІІ-кезең. «Адасқан әріптер» (адасқан әріптерден сөздер құрау)
ағба (Баға)
үедікнлк (Күнделік)
өктмек (Көктем)
ыдыорнқ (Орындық)

Жүректен-жүрекке
Бір-бірлеріне шынайы жүрекпен бір ауыз сөзбен тілектерін айтады.

Қорытынды бөлім.
Осымен сайысымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.-деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.Жеңген оқушыларды марапаттау.