Сайыс-саба? Зерде интеллектуалды? ойыны


« Зерде» интеллектуалдық ойыны
Мақсаттары: 1) Есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру;
2) ойын арқылы есте сақтау, жүйелі логикалық қабілеттерін дамыту, пікір айтқызу;
3) ұжымда достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдылыққа тәрбиелеу.

Алғысөз.
Құрметті балақайлар! Интеллектуалдық ойынға қош келдініздер!
«Зерде» интеллектуалдық ойыны сіздердің бос уақыттарыңызды тиімді,қызықты өткізу мақсатында оздырылып отыр. Түрлі қызықты тапсырмаларорындалады. Белсенді қатысуға шақырамыз.
Ойынға екі топ қатысады.
І топ – АруларІІ топ – СерілерОйынды кім бірінші бастайтын білу үшін, « Сулифа» деген ойынды ойнаймыз.
І кезең « Ауызша есептеулер»
Слайдта берілген «Көбелек аулау», «Баскетбол ойыны» «Шыршаны безендір» «Балық аулау» «Құмыраға гүлді орналастыр» ойындары арқылы тапсырмалар орындалады.
ІІ кезең « Бұл үйде нелер тұрады?»
Тапсырма: Үйшікте берілген әріптерді оқи отырып жануарлар мен аңдардың атын табу, белгілеу.
ІІІ кезең « Баспалдақ»
Тапсырма: «Қ» және «Б» әрпінен басталатын сөздер жазу
Музыкалық үзіліс (15 слайд) « Қара жорға» би билеу.
ІV кезең « Жұмбақ есеп»
Тапсырма: Логикалық тапсырмалар орындау.
V кезең « Геометриялық пішіндерді пайдаланып, бейне шығару»
Өз қалаулары бойынша VІ кезең « Жұмбақ шешу»


І топқа. Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге Сағатты бар, күні бар.( қоңырау)

ІІ топқа. Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан ( әліппе)

« Көңілді күн» әнін бәрі бірге қосылып айту
Қорытындылау ( женімпаздарды құттықтау, тәттілер үлестіру)
Жарайсыңдар!