Е? алып г?лдер Жа?сыбай Арда? Ермек?ызы А?т?бе облысы, Ойыл ауданы, Са?а мектеп-балаба?шасыны? биология п?ні м??алімі


Бекітемін: Г.Бахтыгереева
Сынып:6
Мерзімі:
Ең алып гүлдер
Мақсаты: оқушыларға әлемдегі ең алып гүлдер түрлерімен таныстырып, олар туралы қызықты да танымды мағлұматтар беру
Раффлезия – дүние жүзіндегі ең алып гүл арнольда раффлезиясы деп аталады. Ол Индонезияның Суматра аралында өседі. Оны алғаш зерттеп тапқан Еуропа натуралисі Арнольданың есімімен атаған. Бұл паразитті тіршілік ететін өсімдік. Тропиктік қалың орманда басқа ағаштың тамыры мен сабағына жабысып өседі. Паразитті тіршілік ететіндіктен сабағы мен жапырағы болмайды, тек тамыры мен үлкен гүлі ғана болады. Гүлінде күлте тәрізді өте шырынды 5 тостақаншасы бар. Аталығы көп, аналығының мойны болмайды. Алып дейтін себебі, гүлінің диаметрі 45см-ден 1м-ге дейін жетеді. Арнольда гүлінің салмағы 10кг-ға жетеді. Иісі – сасыған еттің иісіндей, оған шыбындар әуес келеді. Сондықтан жәндіктермен айқас тозаңданады. Етті гүлсерігі қызғылт-қоңыр, әр жерінде ретсіз орналасқан ақшыл дақтары болады. Нашар иіс сол дақтардан таралады. Раффлезия гүлін іздегендер піл нәжісі көп топырақтан табады.
Су лилиясы – негізгі мекені Амазонканың таяз су тоғандары болып саналатын су лилиясының бұл түрі Ұлыбритания мен АҚШ-тың ботаникалық бақтарында жақсы сақталған. Патшайым Викторияның құрметіне Лилия атанған бұл өсімдік 3метрге дейін өсе алады. 3метрге жеткен кезінде салмағы 40кг-дай болады. Бір қызығы су лилиясының алып гүл шешектері алғаш бүр жарған кезінде аппақ болғанымен, бір түннен кейін алқызылданып шыға келеді.
1-тапсырма
Раффлезия мен су лилиясы гүлінің суреттерін салу
Раффлезия


Су лилиясы