Затты? атын, ?имылын, сынын, санын білдіретін с?здерді ?айталау


«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Роза Токтаргожаевна
Пәннің аты:қазақ тілі Уақыты: Сабақ № Бекітемін :
Сабақтың тақырыбы Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді қайталау
Мақсаты Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын,ойлау өрісін дамыту.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дербес жұмыс жасауға үйрету.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Тәрбиелілігі: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың еңбегін бағалай білуге үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: Ережелер, сәйкестендіру, дидактикалық суреттер, тиіннің суреті.Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап,өз бетімен жұмыс, түсіндірмелі әдістер.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту "Не?"-------------------"Кім?"... құлындайды----...емдейді...қоздайды--------...оқытады...боталайды--------...тігеді...бұзаулайды-------...жазадыОсы жерден қандай ереже шығаруға болады?Кім?Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді.- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?- Мұғалімдер.- Мұғалімдер не істеді? -Келді,кірді,отырды.- Мен не істедім? - Сұрадыңыз,айттыңыз.- Сендер не істедіңдер? - Айттық,жауап бердік,сөйледік.- Не аңғардыңдар? Осы сөздің барлығы іс әрекетке байланысты.Күннің жады жазылады.Заттың қимылын білдіретін сөздер.Бүгінгі сабағымыздың ұраны:"Сөйлейміз,оқимыз,жазамызБәрін білуге ұмтыламыз"Ендеше осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді сәйкестендір.Арыстан ............боздайдыТүйе .................ақырадыАю ...................мөңірейдіЖылқы ............маңырайдыҚой .................кісінейдіСиыр ...............бақырадыНе істейді?Не қылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді.Мысалы:Оқыды,жазды,жүгірді,жүзді.
Мағынаны тану Сергіту сәті Ой толғаныс Мәтін құрастыр-Кітаппен жұмыс.-Мазмұнын айтуӨз анаңа қандай қолғабыс тигізесің?Сергіту сәті: Ормандарға аю,қонжықҰялардан бал іздейді.Мойындарын оңға бұрдыМойындарын солға бұрды.Ағаштарды шайқап көрдіҚуанғаннан билей берді.Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тапҚызғалдақты терейік.- Суретпен жұмыс- Мәтін ойла.Дүниетанумен байланысТерме диктантБолады,секіріп жүреді,қорғанады,қоректенеді.Жаттығудан қимылды білдіретін сөздерді теріп жаз.Наурыз – жыл басыӨлеңді хормен оқу.Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін білдіретіндігін атау.Өздік диктант1.Көктем... 2.Күн... 3.Қар... 4.Жер... 5.Құстар туған жерге ....6.Ағаштар бүршік...Сабақты бекітеміз: - Қандай тақырып өттік?Ережені қорытындылау.Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Сұрақтары қалай ?
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.