Ашы? саба? та?ырыбы: My first day at school


«Көптілділік -полимәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асса да, қазақ тілі әлі төрге оза қоймағаны ұлт намысын ойлаған халықтың қынжылысын туғызып отырғанын мо¬йындауымыз керек. Бірақ өмірге жаңа ұрпақ келе жатыр, оның бойында ұлттық рух, ұлттық намыс жоқ дей алмаймыз. Керісінше, қазіргі жастар елінің болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттік тілімен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің де өмір талабы екендігін жақсы біледі. Барлығы да уақыттың еншісінде, келешек ұрпақ ұлтының ұлы мұратын биік ұстайды деп сенейік. Елба-сының «Қазақстан – 2050» стратегиялық Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады. Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің патриоты болады» деген болатын. Ал әлемдік дамудың талабына сай бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, оның қатаң талаптарына да күш салуымыз қажет. Сондықтан көптілділікті заманның зәрулігінен туындаған қажеттілік деп есептеп, оны игеруден қорықпауымыз керек.Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз.Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс -тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.
Мен Айынова Пакизат Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәнінен 5-11 аралығындағы сыныптарға 7 жылдан сабақ беріп келемін. Еңбек еткен жылдардың барлығында ағылшын тілін оқушыларға меңгеруді басты назарға ұстадым. "Өрлеу" ІІІ деңгейлік курысында меңгерген тәжірибемдегі жаңа педтехнология әдістерінің оқушыларға тіл меңгертуге тиімдісін қолданамын. Мектеп оқушыларының тілді меңгеру дәрежесі "жақсы" деп бағалауға болады. Республикалық, аудандық іс-шараларда оқушыларымыз қатысып тиісті орындардан көрініп сол арқылы білім дәрежелерін анықтап келеді.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде: «Біздің болашағымыз білікті де, білімді жастардың қолында»- деп атап көрсетсе, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындауға көш алдында болайық.