Презентация по казахской литературе на тему Мухтар Ауезов


Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1907-1961)Ұлағатты ұстазІрі суреткерАкадемик профессорДраматургАудармашыЖазушыЕкінші АбайТұңғыш режиссерҚазақстандағы тұңғыш футбол командасының ойыншысыЗерттеушіҒалымОйшыл
«Бүкіл әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсіру үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін, (адам) өз биігің – М.Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек»...

1. Әкесі Омархан, атасы Әуез – бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын, сауатты, сарабдал адамдар болған.Абаймен көңілдес, ауылдары іргелес болған. Осының өзі Мұхтардың бүкіл өмірінде шешуші рөл атқарған. Бала Мұхтардың алғашқы сауаты Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлендерімен ашылған екен. 2. 11 жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар Семейдегі немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. 5 жылдық орыс гимназиясына түседі. 3. 1914 жылы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі. Орыс тілінен сабақ берген Василий Попов бұл туралы былай депті: «Алдынғы партада отыратын 18 жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап- таза, қою шашы қап-қара, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр. Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте – мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. » 4. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түседі. 5. Бір жылдан соң Ленинградқа ауысып, 1928 жылы сондағы университеттің филология факультетін бітіреді. 6. 1930 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіріп шығады. Әуезовтің өте талантты болуы да осы мол білімінің нәтижесі екенінде сөз жоқ. Мұхтар Әуезов әдеби-шығармашылық еңбекпен ерте айналысқан. Оған әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибесі, мол білімі әсер еткен.
М. Әуезовтің шығармалары:  1. «Абай жолы» роман-эпопеясы2. «Адамдық негізі - әйел» публицистикалық шығармасы3. «Көксерек» әңгімесі4. «Жетім» әңгімесі5. «Қыр суреттері» әңгімесі6. «Қараш-қараш оқиғасы» повесі7. «Қорғансыздың күні» әңгімесіМ. Әуезов өз сөзінде: «Абай – қазақ халқының көзі, көз қарашығы»
Батыр Кебек. ...Өз көңілімді барласам, дүние бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат!... Сүйерім мен сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам – ән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем. Қазірде, міне, сүйгендеймін, ынтығамын. Бірақ қайда сол, кім сол өзі, кезікпедім, таппадым. Тек алдымда нәркес қана қара көз. «Ізде мені, тап мені!» – деп, тұнжырап қана бір қарап, наз тастап қана бір кетеді!..
Еңліктің ата-анасымен қоштасу өлеңінен мұң боп төгілген көздің жасын көреміз. Ата-анам ақ батаңды аттап кеттім, Тентек ел талқысына тастап кеттім. Болсам да шұбар жылан іштен шыққан, Қарғамас деген сенім сақтап кеттім. Туған ел, амандасам жас-кәріне, Бірге өскен құрбы-құрдас, дос – бәріңе. Жарасқан әзіл-сауық аға, жеңге, Аласың мені не деп естеріңе! Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен, Өрістен қой асатын тұмсық кезең. Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым, Ен дала көркі болып жалғыз бізбен. Білмеймін қандай асу жолда жатыр. Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр. Сиынып аруақ пен бір құдайға, Ұстадым етегіңнен баста, батыр! 
Енді бірде жас ару: Жар көрсе сүйінеді сағынған жас.Толқытпай ауған көңіл ерікке қоймас.Сұраймын уәдені ұстап келді ме деп, Бауырына, жан батырым, айтшы жартас! – дей келе, өз құпиясын білдіреді....Мен төкпеген жас, шертпеген шер бар ма еді бауырыңда. Игілік пен сәті сәскеде келтір жалғыз арман жанымды...жалғыз тірек жарымды!..Алып ұшқан, асқақ албырт сезімді танып, қыз жүрегінің лүпілін естігендей әсерге бөленеміз.Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызыққа қызығу емес, баянды сүйіспеншілікті аңсаған жүрек дүрсілі, арман-тілегі Кебек пен арадағы диалогте жақсы ашылған. Осының бәрін жазушы мейлінше көркем бейнелейді