Кручинг на тему М??гілік елді? тірегі — ?аза?стан халы? ассамблеясы


Нургожаева А.М І(ілгері) деңгей тарих пәнінің мұғалімі № 24 лицей
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік елдің тірегі - Қазақстан халық ассамблеясы 
Сабақтың мақсаты : Жаңа   ұғымдарды   меңгерту  және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 
Оқу нәтижелері : Мәңгілік елдің тірегі болған ұлттар ассамблеясының Қазақстанның даму үдерістерін  жақсартуға  жағдай   жасайтынын  түсіну.  
 
Негізгі идеялар : Ұлттар ассамблеясының мүмкіндіктері күннен күнге Қазақстанның жетіліп,   дамуына  және әр азаматтың метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
 1. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Жаттығулар: Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап  қол жеткен жетістіктерін айтады От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз ұлттарын насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар азаматтар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.
 (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)
2. Миға шабуыл. Бірлескен талдау.- Қалай ойлайсыздар, ассамблея деген не?- Ассамблеяның құрылу мақсаты қандай?- Ассамблеяның құрылуы қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.3. Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру. «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.Аңызда айтылғандай мемлекеттің табысты, ынтымақта, бірлікте болуы бәрі біздің қолымызда екен.
Жеке топ заман талабына сай ұлттық болмыс  бағыттары бойынша топта жоба жасайды1 топ «Ұлттық тіл»
2 топ «Ұстанымдық дін»
3 топ «Ұлттық салт-дәстүр»
4 топ « Ұлттық болмыс»
 
3.Постермен жұмыс. Топпен плакаттар. Презентациялау.
4. Қорытынды кезең.• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.