Научно-методическая статья на тему САПАЛЫ БІЛІМ-Т?УЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ


Абуталипова Гулзада Узбековна
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Түгіскен ауылы
№256-орта мектебінің математика пәні мұғалімі
САПАЛЫ БІЛІМ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
«Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне
сай қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет»
Н.Ә.Назарбаев
ХХI ғасыр-Елбасы айтқандай, «білектің емес,білімнің ғасыры».Дамыған АҚШ,Ұлыбритания,Жапония,Корея елдері ғылым мен инновацияны әжетке жаратып,басты қағидалары білімді ұрпақ тәрбиелеуге мән беретіндігінде.Бұл елдер жыл сайын реформаларын жаңартып, оқудың тиімді тұстарына көңіл аударған,яғни дамудың даңғыл жолына түскен.Бізге осыларға ілесу керек. Қазір елімізде білім-ғылымның жолына түсемін деушілерге жол ашық.Үкіметтің: «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» білім саласына ерекше назар аударуда.Мектепке дейінгі білім беру мәселесі жолға қойылды.Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін-білім» деген. «Мәңгілік елге» жол салып жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Заманауи әлемде елдің қуаты- ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім –тәуелсіздіктің тірегі, ақыл-ой –азаттықтың алдаспаны.Сапалы білім алған жастар-мемлекеттің интеллектуалдық капиталы» -деп,мектептерге үлкен үміті мол жүк артты.
Тәуелсіздігіміздің тірегі де, егеменді еліміздің ертеңі де білім екендігінде сөз жоқ.Ежелгі математик С.Д.Пуассонның : «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі-математикамен шұғылдану,екіншісі-одан сабақ беру» нақыл сөзін педагогикалық ұстанымым ретінде үздіксіз математикамен шұғылданып келемін.
Ұстаз жолы қиында,қызығы мол алыс жол,осы жолда келе жатқаныма отыз жылдың төңірегі болды.Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оқушылармен біргемін.Мамандығымды мақтан етіп,математикасыз күн кеше алмаймын.Қазіргі уақыт талабы-заманауи технологияны меңгерген,бірнеше тілде еркін сөйлей алатын жеткіншекті қалыптастыру.Осы нақтылықтай ,мектепте берілетін нақты ғылымдар негізін дұрыс беру керек.Әрине, математика « қиын пән»кей ата-ана мен оқушылар түсінігінде.Ілгеріде ата-бабаларымыз қисынды оймен неше түрлі жағдаяттарды шешкен ғой.
Математика өмірлік маңызы зор,күнделікті тұрмыспен тығыз байланысты ғылым.Оған деген қызығушылық табиғи қажеттіліктен туындайды.Кез-келген ғылым өзінің даму жолында математиканы пайдалану арқылы бір сатыға көтеріліп отырады.Бұл аксиома.
«Адам баласының басшысы-ақыл,жетекшісі-талап,жолаушысы ой» дейтін ілгерілердің сөзі дұрыс,жүйелі ойлай білудің мәні зор екендігін дәлелдей түседі.
Ойдың нақтылыққа айналуы үшін ең болмағанда математиканың алғы шарттарын меңгеру керек.Олар:
Бірінші: Өз бетіңше ойланып мәселе шеше алатын болу
Екінші:Қисынды және шығармашылықпен ойлай білу
Үшінші:Түсінігі терең,тіл байлығы мол болуы керек
Қазіргі жаһандану кезінде « соқпақты даңғылға айналдыру» міндеті :баланы жастан ойлануға,математикаға ден қойғызуға жетелеу керектігін көрсетіп отыр.
Әрине маманның білігі дербестік, «жүйелі ойлай білу» еселі болу керек. Мұғалім оқушыны зорлап емес,керісінше оқушының өзі ізденуіне жол ашса,нәтиже шығады.Бұл орайда оқытушы мұғалімнің де жоғары білікті, логикалық ойлауды меңгергені жөн.Сонымен қатар әлем жұртшылығының тыныс тіршілігіне көз жүгіртіп ,болашаққа қисынды оймен жол сілтеу, шәкірттеріміздің үлгілі жаңа технологияны меңгеруде алғырлығын ұштамақ.
Кішкене аралдағы жапондар қай салада да алға озық, электротехника, робототехниканы меңгеруде алдына жан салмайды.Олардан үлгі алу керек,ол үшін терең білім,түсінік мол болу керек.
Әрине белгілі бір мақсатқа жету үшін шамаңа қарай қарекет етеміз. Математика негізі адамның жас кезінен қалыптасуы тиіс.Болашақта баланың жолдан таймай,тек түзу жолға түсуі маңызды.
Болашаққа бағыт беретін, бала тәрбиесін ұштап, білімге деген зейінін ашатын-мектеп. А.Байтұрсыновтың «Мектептің жаны-мұғалім.Мұғалім қандай болса,мектебіде һәм сондай болмақшы» -деген . Бүгінгі мектептің мақсаты-жан-жақты білімді,өзіндік көзқарасы қалыптасқан,жаңа технологияны меңгерген,бірнеше тілде еркін сөйлей алатын,бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру.Бұл жұмыстарды атқаратын педагог-заман ағымына ілесе алатын, жаңалыққа жаны құмар,үлкен жауапкершілікті, әрі шығармашылықпен жұмыс атқаруы тиіс.Сондықтанда мектеп ұстаздары білім берудегі өзгерістерге орай өз біліктіліктерін арттырып,бәсекеге қабілетті болу үшін сан түрлі курстардан өтуде.Оқыту үрдісінде жаңартылған әдістемелер мен технологияларды қолдану қолға алынуда.Соның бірі- «Оқытудың сындарлы теориясы».
Оқытудың сындарлы теориясы-оқушылардың ойлауын дамыту ,олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа және түрлі дерек көздерінен алған білімдерімен жүзеге асады.Сындарлы оқытудың негізгі идеясы алынған білімнің өмірде тиімді қолданылуы,құзырлы оқушы білімін өмірде қолдана алуы.
Мұғалім оқыту үдерісінде мына жағдаяттарға:
1.жеке оқушының тақырыпты қабылдау ерекшелігін түсінуге ұмтылуы.
2.білім-түсінікті жетілдіру,жақсарту жұмысын жүргізуге
3.тақырыпты оңтайлы тәсілмен меңгеруіне ықпал етуіне маңызды басымдық жасауы тиіс.
Математика пәнінде сындарлы оқыту теориясын қолдану әрекетім:
«Сабақты қалайша қызықты өткізу керек ?» деген оймен сабаққа дайындықты бастау.
«Оқушының белсенділік әрекеттерін туғызу» менің міндетім деп түсіну.
«Ынтымақтастық» қағидасымен оқушымен жұмыста «кері байланыс» жасап отыру.
Нәтижеге бағыттаушы «талдау» деңгейіне қол жеткізу.
Білімді «жинақтау» шығармашылықпен біріктіре білу.
«Бағалау» деңгейінде нақтылық,логикалық жүйе,дәйектілікпен шешім қабылдауды үйрету.
Оқушының ойлау,оқу,сөйлеу,талқылау,жазу,пікір таластыру әрекеттерін белсендендіру қажет.Осының негізінде «Блум жүйесі» тәсілдерін сабақта қолданып отырамын.
Білу - «Кім біледі?» «Кім жылдам?»
Түсіну - «Мені түсін» «Сен маған,мен саған»
Қолдану - «Математикалық диктант»
Талдау - «Ойлан, тап»
Жинақтау - тест,семантикалық картаны қолдану,сабақтың сәтті өтуіне мүмкіндік береді, яғни оқытудың қандай жолы қолданылса да, білім-тиімді нәтижесіне қол жеткізуі тиіс.