«Абай ??нанбай?лы. Он жетінші ?арас?з» та?ырыбында 9-сынып?а арнал?ан ашы? саба? жоспары


М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп

Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9-сынып

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз Дайындаған: Досанов А.А.
Түркістан – 2016 ж.
ОҚО, Түркістан қаласы, Оранғай ауылы,
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі А.А.Досановтың қазақ әдебиеті пәнінен «Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз» тақырыбында 9-сыныпқа
арналған ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз
 Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы  терең ұғындыру, қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету.
Ә) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Б) Тәрбиелілігі: ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге адамгершілікке, адалдыққа, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу, жаны ізгілікке жақсылыққа толы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, топтастыру, рөлге бөліп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, бүктеме, интерактивті тақтадан слайдтар,
тірек-сызба, үнтаспа, кітаптарСабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабақтың құрал-жабдықтарының, сынып бөлмесінің әзір екенін тексеру. Назарын сабаққа аудару. Абайдың әні орындалады.
Үй тапсырмасы: М.Әуезов
«Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты»
Абайдың суреті, туған жер көрінісі
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Слайд арқылы Абайдың өмірі, шығармашылығына тоқталу.
М.Әуезов суреті.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді» 
Абай өлеңдерін топтастыру арқылы үй тапсырмасын пысықтау, қорыту
ІІ. Жаңа сабақ
  Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну.  Он жетінші қарасөзін меңгеру. Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып, жаң тақырыпты жзып қоямыз.
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар аралығында жазылған  45-46 қарасөзі бар.
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, сыл сөз деген мағынаны береді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырған. Қабайдың қарасөздерінен аларымыз, ұғарымыз мол. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Бұл еңбектер жанрлық, стилдік жағынан да әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелік философиялық толғауларда, ойға орамды нақыл сөздер де ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очеркте табылады.
«…Қарасөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын ойына келген нәрселерді жаза берейік, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсында оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедімде, ақыры осыған бойладым»,-деп қаншалықты қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби-көркемдік мәні өте зор, ақынның жолын ақыл-ой өрісін,дүниеге көзқарасын танытуда баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына.
Абайдың «Он жетінші қарасөзін» үнтаспадан тыңдайық.
Бес оқушы рөлге бөліп оқиды.
Ақыл, қайрат, жүрек болыпдаулы пікірлерін айтқан сөң «Айтылған пікірдің қайсысын мақұл көріп, орынды сөз дер едіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сыныпта әр ойды жақтаған қызықты пікірталас туады. Оқушылардың айтқан ойларының барлығында да негіз бар екенін айта отырып, ғылымның ақыл, қайра, жүрекке берген кеңесі оқылады.
Ақыл (Ақыл, қайрат, жүрек) тірек-сызба арқылы бейнелеу.
Дүние мен ахиреттегі пайда мен залалды білетұғын – мен.  Менсіз залалдан қашаалмайды, ғылымды үйрене алмайды.
Қайрат
Ерінбей, жалықпай үйрену — менің ісім. Адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын – мен.
Жүрек
Адам денесінің патшасымын, менсіз тіршілік жоқ. Ұят, рахым мен мейірім, әділет, нысап менен тарайды.
Ғылым
Ей, қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Ей, ақыл! Айла мен амал тауып, жақсы мен жаманға бірдей сүйеніш боласың, соның жаман. Адамдық пен ізгілік – тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ең қажеттісі – жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі – қасиетті адам.
«Осы ұлы қасиеттер өз бойыңнан табыла ма?» деген сауал қойылады. Ұлы ойшылдың өзі көксеген  «Толық адам» жайлы топтастырып кетелік.
 Мәтінде қандай түсініксіз сөздер кездесті?
Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз
Ғибадат – өнеге, насихатМәдмәлат – мақсат, мұрат
Ахирет – о дүние
Нәфсі – адам жаны мен тәнінің қалауы.
Тақтадан көрсетіледі, дәптерге жазып аламыз.
III.Бекіту үшін сұрақтар.
1.Қара сөз дегеніміз не?
2.Абай Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар?
3. «Он жетінші қара сөзі»не жайлы жазылған?
 IV. Қорытынды: Абай қара сөздері-ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына,келер ұрпағына арнады.Жастардың алдында тұрған басты міндет ғылым,білім үйрену жолы екенін атап көрсетті.
Ұлы ақыл ойдың терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.
«Сөзжұмбақ»
 1.Абайдың әкесі?
2.1845 жылы Шыңғыс тауында дүниеге келген ақын?
3.Абайды әлемге танытқан жазушы кім?
4. «Ереуіл атқа ер салмай» кімнің өлеңі?
5.Желтоқсанда тойланатын мерекеге,неше  жыл боллды?
6.Біршама тиянақталған ойды білдіретін7.Құнанбай анасы,Абайдың әжесі есімі?
Ү. Оқушыларды бағалау
VІ.Үйге тапсырма.
Он жетінше қарасөзінің мазмұны.
Рөлге бөліп жаттау.
Абай Құнанбайұлының өміріне  реферат жазу.
VII сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.