Абай ??нанбаев ?ле? — с?зді? патшасы, с?з сарасы (8 класс)


Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Бахтина Айнур Нурбековна
Сынып:8 «Ғ» Сабақ өтілетін уақыт: 04.12.15.
Барлық оқушы саны: 24
Қатысқаны:
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Сабақ тақырыбы Абай Құнанбайұлы. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
Жалпы мақсаттар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін оқыту арқылы оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету
Түйінді идеялар Абай – қазақтың бас ақыны.
Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады.
Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.
Оқыту нәтижелері Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады;
Берілген тапсырмалар арқылы ақын жайлы тың мәліметтер алады;
Бір-біріне сауал қою арқылы, алған білімдерін тексере алады.
Оқушылар жұптасып,ортақ пікірге келеді
Өлең мәтінімен танысып, өз көзқарастарын таныта алады.
Бағалау парағын пайдаланып, бір-бірін бағалай алады
Көрнекіліктер Компьютер, инерактивті тақта, флипчарттар, үлестірме қағаздары, оқулықтағы мәтін мен тарсырмалар.
Дереккөздер Оқулық, ұялы телефон
Сабақ барысы Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
(13 мин)

Сәлемдесу
Топқа бөлу
Ой қозғау. Тақырыпты ашу Оқушылардың назарын сабаққа аударту, психологиялық ахуал орнату, топ ережелерімен таныстыру
1,2,3-ке саналу арқылы оқушылар топқа бөлінеді
Қима қағаздардағы сөздерді бір-бірден көрсету арқылы оқушылардың жаңа тақырып жайлы ойларын білу. Жаңа тақырыпты айқындау. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлейді.
Сабақ басталғанда оқушылар шеңберге тұрып, 1,2,3-ке санайды, соған байланысты оқушылар «Ибрахим», «Телғара» және «Абай» топтарына топтастырылады. Бөлінген топтар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Оқушылар мұғалім көрсеткен парақтағы сөздермен жаңа тақырып төңірегінде өз ойларын айтады. Бағалау парағы арқылыбағалау Сабақтың өн бойында. Әр топты топ басшысы бағалайды.
2-кезең: Мағынаны тану:
(15 мин)
«Аялдама» әдісі
Оқушыларға мәтін таратылады. Сол мәтінмен белгіленген уақыт ішінде танысып, «аялдама» әдісі бойынша әр топта аялдап постерге өз ойларын жазу ұсынылады. Оқушылар мәтінмен танысады. «Аялдама» әдісі бойынша әр топта белгіленген уақыт ішінде тапсырманы талапқа сай орындап шығады. Мүмкіндік болған жағдайда оқушы ұялы телефон пайдалана алады. Сергіту сәті
3 мин - Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің сөздерін интерактивті тақтадан көрсету арқылы сергіту сәтін орындатады Оқушылар тақтадан сөз тіркестерін оқу арқылы қимыл-қозғалыс жасайды. 3-кезең: Ой- толғаныс:
(10 мин)
Дәптермен жұмыс
«Өлеңдегі 3 негізгі ой»
Абай ақынға арнау (1 шумақ өлең)
Оқушылар (топ басшылары) кестені дәптерлеріне толтырады.
Өлең қандай болуы керек?
Бұрынғының ақындарын сынауы
Тыңдаушыға айтары
Өзге оқушыларға Абай атаға арнап төрт жол өлең шығару тапсырылады
Топ басшылары берілген тапсырма талабына байланысты өлеңнен тауып кестеге жазады.
Сыныптағы басқа оқушылар өз ойларынан өлең шығарады Топ басшыларын мұғалім бағалайды
Бас бармақ арқылы бағалау
Үй тапсырмасы
(1 мин) Ақын өмірбаянын оқып, өлеңді жаттап келу
Рефлексия
(3 мин) «Қауіпті аймақ» әдісі арқылы рефлексия алу. Рефлексия сауалдары:
Сабақты бұндай формада өтуі сіздерге ұнады ма?
Сіздерге бүгінгі сабақ түсінікті болды ма?
Құнды мәлімет ала алдыңыздар ма?
Топта еркін жұмыс жасай алдыңыздар ма?
Егер оқушы қызыл лентаға жақын келсе, ол оқушының «қауіпті аймаққа» келуі.