Бастауыш сынып онк?ндігіні? ашылуы


Күні: 27.02.2017жыл
Тақырыбы «Біліммен тәрбие деп соққан жүрегі.
Ана сенсің,тіршіліктің тірегі.»
І-жүргізуші: Алақай көктем келді!
ІІ-жүргіуші: Бұл өзі көктем бе еді?
І-жүргізуші: Көрмейсіңбе қарлығаштар келіпті,
Туған жерге сағынышпен жетіпті.
ІІ-жүргізуші: Қарлығащтар хабаршысы көктемнің,
Білдіреді қыстың өтіп кеткенін.
І-жүргізуші: Қырларда көрмейсіңбе құлпырған,
Қызыл,жасыл гүлге толып кеткенін.
( Күн, қалығаштар мен гүлдер ортаға шығады(
Екеуі бірге: Қар астынан жарып шығып жайнаңдап,
Бәйшешекпен жауқазының жеткенін.
ІІ-жүргізуші: Тіршілікке төккен нұрлы шуағын,
Анам менің шұғылалы күнмен тең.
Қуанышқа бөлей тұғын бар жанды,
Анам менің сол жауқазын гүлмен тең.
І-жүргізуші: Бар өмірдің іргетасын қалаған,
Перзентін байлығына санаған.
Адамзаттың асылысын сен ғана,
Мейірімді,қайырымды жан-ол-Ана.
ІІ-жүргізуші: Жанұяның жылуын сақтай білген,
Сәбиін тұлпарындай баптай білген.
Жұлдыздайсың жарқыраған сен дара,
Жүректері нұрға толы ол-Ана.
(білімді жігіттер мен қыздар ортаға шығады)
І-жүргізуші: Салт дәстүрді аманаттап сақтай білген,
Атананың сенімін сақтай білген.
Басқалардан биіктеп дара тұрмыз,
Біз бақытты қазақтың баласымыз.
ІІ-жүргізуші: Тал бесікті тербетіп әніменен,
Тәрбиені ұғындырар жаныменен.
Баласына бола білген ол пана.
Адамдықтың бастауы да ол-Ана.
(қазақы киінген жігіттер мен қыздар ортаға шығады)
І-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай,тал бесікті тербей отырып,тебірене толғар бесік жыры арқылы,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді,дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған Жасминнің орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізущі: Құдайдан кейінгі құдірет иесі-Ана.Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
І-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар және оқушылар!
ІІ-жүргізуші: Бүгін міне бастауыш бірлестігенде көгілдір көктем мерекесі қарсаңында,жақсылықтың жаршысындай болып,«Білім мен тәрбие деп соққан жүрегі,Ана сенсің,тіршіліктің тірегі» атты онкүндік басталып отыр.
І-жүргізуші: Баршаңызға көктем тке қуанышңжақсылық,береке,бірлік әкелсін дей отырып,сөз кезегін бастауыш бірлестігінің жетекшісі Айман апайға береміз.
ІІ-жүргізуші: Рахмет апай
І-жүргізуші: Қарақаттың орындауындағы «Жана-Ана»әнімен бүгінгі ашылу салтанатын аяқтаймыз.
Екеуі бірге: Әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз!