Тарих п?ні онк?ндігіні? ашылуы


Базарбаева Балганат Еркимбаевна
тарих пәні мүғалімі
С. Мәуленов атындағы гимназия
Қостанай облысы Қостанай қаласы
Тарих пәні онкүндігінің ашылуы
1-жүргізуші Жанель
2 жүргізуші Әділет
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1- жүргізуші:
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі көтерілістерімен және ұлы тұлғаларымен дүр сілкіндірген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын атаулы оқиғалар
1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы,
жүргізуші:
Әлихан Бөкейхановтың 150жылдығы,
1 жүргізуші:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы
2 жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
1 жүргізуші
Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы
2 жүргізуші
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы
1 жүргізуші
Қазақстан Ғылым Академиясының 70 жылдығы
2 жүргізуші
Қостанай облысының 80 жылдығы жайлы баяндай отырып
«Ұлы таулар аласармайды,
Ұлы есімдер ұмытылмайды» деген тақырыпта тарих пәні онкүндігін ашқалы отырмыз.
1-жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
2-жүргізуші:
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген ата бабаларымызды еске алып,
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,Ұранға «Алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының еске алайық.
Сахнаға шал және немересі шығады. Шал қалың ойға шомып отыр. Немересі жүгіріп жүріп, атасының қасына келіп:
Ата неге сонша қатты ойланып, көңілің түсіп кетті.
Атасы:
Әй, балам-ай, сенің бейқам шақтарыңды көріп өткен өмір еске түсті.
Ата, сол жайлы маған айтып берші.
Онда тыңда балам,
Осыдан 100 жыл бұрын менің әкем 1916 жылы болған көтеріліске қатысып, елінің бостандығы үшін күрескен
1916 жыл. Сахнада жиналған халық бірлесіп бір жұмысты атқарып жатады. Бір кезде 8-9 жасар бала «Патша жарлығы», «Патша жарлығы» деп жүгіріп шығады.
Аманкелді Иманов Жарлықты алып оқиды:
«19-43 жас аралығындағы барлық ер азаматтар тыл жұмыстарына алынсын»
Халық ашу-ызасын білдіріп:
«Жоқ, айдалада ит-құсқа жем болып өлгенімізше, өз елімізде, өз жерімізді қорғап қаза табайық. Бермейміз, бармаймыз тыл жұмыстарына»
Амангелді:
«Халық «Амангелдінің сөзі мерген, Кейкінің көзі мерген» деген сөз бар. Онда қолымызға қару-жарақ алып, күреске шығайық. Сен, Кейкі мергендер мыңдығын баста.»
Шал:
« Амангелді қол жинап Торғай даласында көтерілісті бастаған. Торғай қалсын 15000 әскерді қоршаған. еді. Соңғы шайқасы Доғал Үрпек деген жерде болған. Ол Татыр мен Доғал Үрпекте болатын шайқастарға да қатысқан еді. Доғал Үрпектегі соңғы шайқас үш күнге созылды. Бірақ патшаның жақсы қаруланған әскері мен жазалаушы отрядтарына қарапайым әскер қарсы тұра алмай жеңілді. Амангелді күресін жалғастырып, Кеңес үкіметін де орнатуға қатысты. Е. сөйтіп менің әкемде Амангелді көтерілісіне қатысып. елін қорғаған. Оған да биыл жүз жыл болыпты.»
Бала:
«Ата, осы шайқасқа тағы кім қатысты. тағы қандай оқиғаларды білесің, айтып берші»
Шал:
« Тағы дейсің бе, мана мен Амангелдінің жақын серігі Кейкі жайлы айтып едім. сол жайында тыңдай ғой. Кейкі көзсіз мерген болған деседі, Ол өте әділ, халқының тыныштығы үшін күрескен адам. Оның тағдыры күрделі болған көрінеді. 1923 жылы ол «Жыланшық» деген жерде қызыл әскер Кейкі қонған үйды қоршап, оның әйелін, інісін және өзін өлтіріп кеткен деген дерек бер. Ал оның басын Петербургке жіберді деседі»
2 жүргізуші:
Жанель, осы сен С. Мәуленов атамыздың «Аманкелді батыр туралы жырын білуші едің ғой, мына көрермендерге оқып бермейсің бе?
1 жүргізуші:
Иә, білемін онда тыңдай ғой
Астындағы шал қасқа ат,Көкке шапшып атылып.Келеді батыр қол бастап,Айқасқа елді шақырып.Қара бұлтты қылыштап,От ойнатып аспан тұр.Қолға Қызыл ту ұстап,Келе жатыр хас батыр.Торғай бойын түн бүркеп,Қанға толды қыр үсті.Аманкелді жүр сілтеп,Оңды-солды қылышты.Ақ сойылдар сыртылдап,Ақ найзалар жарқылдап.Ай астында ақ мылтық,Үн қатады шаңқылдап.Тебіреніп жатыр қыр,Төсінен шаң шұбатып.Аманкелді батыр жүр.Дұшпандарын сұлатып.Кеудеде бір от ойнап,Кек тұтатын намыс-ар.Жүр майданда атойлап,Қызыл тулы комиссар.
2 жүргізуші:
Ай, жарайсың!
Бала: «Ата, сонда халқымыз әртүрлі оқиғаларды бастан кешірген екен ғой»
Шал: Иә, осы көтерілістен кейін Ақпан төңкерісі басталды. Біздің халқымыздың тағдыры тағы да шещілмек болды.. Елімізге тәуелсіздік алып береміз деп талай боздақ құрбан болды. Солардың ішінде қазақтың алғашқы саяси партиясын құрған, Алашорда мемлекетінің негізін қалаған Әлихан Бөкейханов та болды. Ол өзінің елі үшін күресе білген азамат еді. Міне сол кезде ол сонау Минск қаласында жүріп елімізге телеграмма соқты.
Сахнаға Ә. Бөкейханов шығады, телеграммасын оқиды:
Бұл жеделхатты Отанына жіберетінін хабарлайды.
Бөкейханов:
«Біздің еліміз ұзақ жылдар бойы Ресей империясының боданы болып келді1917 жыл 27 ақпанда. Ақ патша тақтан құлатылды. Монархия құлатылды. Өз халқымды шын жүректен құттықтайын.
«Ресей халықтары үшін Туысқандық,Теңдік және Бостандық күні туды. ...Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек.Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер! ...»
Шал: Міне сол ағамыздың туғанына да биыл 150 жыл толып отыр.
Бала:
Ата олардың барлығы да еліміз үшін күресті ме?
Шал:
Солай болды ғой. Олардың тағдырына жазылғаны сол шығар. Сондай азаматтар болмаса, қазіргідей тіршілік болар ма еді, жоқ па еді? Онан соң 1936 жылы Қостанай облысы құрылды, ал 1946 жылы Қазақстан ғылым академиясы ашылды.
Ортаға жүргізушілер шығады:
2- жүргізуші:
«Биылғы 2016 жыл атаулы жылдарға толы екен. Біздің Қостанай облысының да 80 жылдық мерейтойы осы жылға түсіп тұр екен»
жүргізуші
«1936 жылы Торғай және Қостанай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылып, орталығы Қостанай қаласы болып белгіленіпті.
Ән «Сәлем, саған, туған жер»
Ортаға шал мен бала шығады.
Бала қолына кітап ұстап оқып келе жатады. «Кел, балалар оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылыық.....»
Шал:
Балам, не оқып келе жатырсың:
Бала:
«Кел, балалар, оқылық» деген өлеңді, ата.
Шал:
Балам, сен бұл өлеңді жазған біздің жерлесіміз Ыбырай Алтынсарин екенін білесің бе? Оның туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Ол қазақ балалары үшін тұңғыш мектеп ашқын. Оларға арнап оқулықтар даярлап, жақсы шығармалар жазған екен. Қазір оның «Әке мен бала» атта шығармасын тамашалап көрейік.
«Әке мен бала» көрініс
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.
Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:
- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.
2-жүргізуші
Биыл Қазақстан Ғылым Академиясының ашылғанына да 70 жыл болыпты
1 жүргізуші:
Иә, оның тұңғыш президенті қазақтың атақты ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болыпты. Міне, сол ағаларымыз негізін салған Ғылым Академиясы әлі халқымыздың игілігі үшін қызмет етуде.
2 – жүргізуші:
«Жыр алыбы – Жамбыл атамыз да» биыл 170 жасқа толған екен. Ұлы Отан соғысы жылдарында оның өлеңдері ерлерімізге рух беріп, Отанын қорғауға шақырған екен.
жүргізуші:
Онда сахнаға 9 сынып оқушысы Карбузов Айдарды шақырып, Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жазылған Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» өлеңін тыңдайық.
Ортаға шал мен бала шығады. Шал тағы терең ойда.
Бала:
Ата, тағы да нені ойлап кеттің?
Атасы: Осыдан 30 жыл бұрын, желтоқсанның сақырлаған сары аязында қазақ жастары алаңға шығып, халқының тәуелсіздігі үшін жандарын қиған еді. Сол есіме түсіп кетті балам.
Ортаға жастар шығады:
Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы» Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:
Бір топ:
Естідіңдер ме?
Бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды?
Қашанғы шыдаймыз?
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.
1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
2-жігіт: Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.
1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
құрып барады емес пе?
3-жігіт:
Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
2-қыз:
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
3-қыз:
Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.
- Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
1-жүргізуші:Иә, аңғал сеніммен алаңға  шыққан  бейкүнә  қыз - жігіттер  «контреволюциөнерлер емес» -еді.
Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтер еді.
2-жүргізуші:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылмас барлық шарасы.
Шал: Биыл халқымыздың ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген Тәуелсіздігінің жарияланғанына да 25 жыл толғалы отыр. ол үшін халқымыз қанша тер төкті десейші. Міне, осылай балам, сенің қазіргі бейбіт өмірің үшін қанша күрес қажет болды.
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің хор: Атамекен
Хорға қатысушылар атаулы даталарды қолдарына ұстап шығады.