Тестовые задания по информатике на тему: Компьютерді? аппаратты? жабды?тамасы. 7 класс


Компьютердің аппараттық жабдықтамасы. І нұсқа.
1. Интернетке қосылу үшін және электронды поштаның қызметін пайдалану үшін қандай құрылғы қажет:
А) Модем;
В) Монитор;
С) Тышқан;
D) Сканер;
Е) Плоттер.
2. Процессордың негізгі мінездемесі:
A) Негізгі жадының пайдаланылатын көлемі;
B) 1 Секундта орындалатын қарапайым әрекеттердің (команда) саны;
C) Сыртқы жадының пайдаланылатын көлемі;
D) Қажетті қуат;
E) Ақпараттың көлемі.
3. Жедел жады не үшін керек:
А) Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін;
В) Өзгертілмейтін ақпаратты сақтау үшін;
С) Уақыттың ағымдағы мезгілінде ақпаратты қысқа мерзімге сақтау үшін;
D) Файлды дискке қысқа мерзімге сақтау үшін;
Е) Өзгерілмейтін ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін.
4. Бейнетақта не үшін керек:
A) Компьютерлерді өз-өзімен қосуға;
B) Жүйелік блокпен монитордың арасында байланыс құруды және бірге жұмыс істеуді жүзеге асырады;
C) Компьютер мониторынан сигналдарды алуға;
D) Сканермен жұмыс істегенде графикті өңдеу кезінде негізгі процессорға көмектесуді жүзеге асырады;
E) Компьютермен және таңба берілгендерді енгізуімен басқару.
5. Компьютердің ең негізгі құрылғылары:
А) Жүйелік блок, монитор, пернетақта;
В) Жүйелік блок, пернетақта, дискқозғағыш;
С) Процессор, маус, монитор;
D) Винчестер, монитор, маус, принтер;
Е) Жүйелік блок, пернетақта, маус.
6. "Винчестер" бұл-:
А) Ақпаратты енгізу құрылғысы;
В) Ақпаратты шығару құрылғысы;
С) Ақпаратты сақтау құрылғысы;
D) Ақпаратты өңдеу құрылғысы;
Е) Акпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы
7. СD-R иілгіш дискінің сиымдылығы қандай?:
A) 1,44 Мб;
B) 3,5 Мб;
C) 40 Гб;
D) 256 Мб;
E) 700 Мб.
8. Дыбыстық карта не үшін арналған:
A) Компьютердің мультимедиасының дайындығын көрсетеді;
B) Дыбыстық ақпараттың шығарылу шекарасын көрсетеді;
C) Дыбысты өңдеу операциясы;
D) Дыбысты, сөзді, өлеңді өңдеуге бағытталған жұмысты орындау;
E) Видеодеректерді өңдеу, кодтау, синхронизациялау.

Компьютердің аппараттық жабдықтамасы. ІІ нұсқа.
1. Сканер – бұл:
А) Компьютерге, мәтіндік және графикалық ақпаратны енгізетін құрылғы;
В) График салатын құрылғы;
С) Ақпаратты желіде алмастыру құрылғысы;
D) Дербес компьютерді жергілікті желіге біріктіретін құрылғы;
Е) Дыбыстық сигналды аналогты сигналға түрлендіретін құрылғы.
2. Процессордың функциялары неден тұрады:
А) ЭЕМ-ді электронды желіге қосу;
В) ЭЕМ-ге енгізілетін мәліметтерді өңдеу;
С) Мәліметтерді баспаға шығару;
D) Мәліметтерді енгізу;
Е) Суреттерді қарау.
3. Қатты магниттік дисктердің бір бірінен айырмашылықтары:
A) Сақталатын ақпараттың үлкен көлемі;
B) Жоғарғы жылдамдықпен ақпараттың алмасуы;
C) Барлық жауап дұрыс;
D) Ақпаратты жазу және оқу мүмкіндігімен;
E) Ақпаратты жаңарту мүмкіндігімен.
4. RАМ-жедел жады қандай функцияларды орындайды:
A) Ақпаратты уақытша сақтау функциясы, компьютерді сөндіргенде ол тазаланбайды;
B) Ақпаратты уақытша сақтау функциясы, компьютерді сөндіргенде ол тазаланады;
C) Ақпаратты уақытша сақтау функциясы, компьютерді қоректендіру жағдайына тәуелсіз;
D) Үлкен уақыт аралығында ақпаратты сақтау функциясы;
E) Компакт-дисктен ақпаратты оқу және жазу функциясы.
5. Қандай принтерлер бейнені арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарады:
А) Сия бүрккіш принтерлер;
В) Лазерлік принтерлер;
С) Матрицалық принтерлер;
D) Ондай принтер жоқ;
Е) Матрицалық және лазерлік принтерлерде.
6. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы – бұл:
А) Монитор;
В) Принтер;
С) Пернетақта;
D) Жұмыс үстелі;
Е) Ксерокс.
7. «Винчестер» сиымдылығы қандай болуы мүмкін?:
A) 1,44 – 3,5 Мб;
B) 128 - 512 Гб;
C) 500 - 700 Мб;
D) 128 - 512 Мб;
E) 20 - 80 Гб.
8. Видео карта неге арналған?:
A) Компьютерлерді өз ара байланыстыруға арналған;
В) Сканермен жұмыс істеу мен графиканы өңдеуде негізгі процессорға көмектесуге арналған;
C) Жүйелік блок пен компьютерді байланыстыруға және бірлесіп жұмыс істеуге арналған;
D) Компьютер мониторынан сигнал алуға арналған;
Е) Принтермен жұмыс істеуге арналған.