Открытый урок Ы.Алтынсарин. Таза б?ла?./3-сынып/


Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ыбырай Алтынсарин Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту; Дамытушылық: Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. . Сын тұрғысынан ойлауын жетілдіре отырып, өз пікірін ашық айтуды, дәлелдей білуді,ізденімпаздық қасиетін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру; Тәрбиелік: Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.. Сабақтың түрі: СТО стратегияларына негізделген топтық жұмыс түріндегі сабақ. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері. Көрнекілік: Ы. Алтынсарин портреті, табиғат бұлақ суреттері, екі бетті күнделік. СТО стратегиясы: Қызығушылығын ояту, топтастыру, екі бетті күнделік. Сабақтың барысы: Сынып 3 топқа бөлінген. І. Ұйымдастыру кезеңі. Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.«Тілектер бұрышы», мұнда оқушылар мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі сабақта бір - біріне 1 - 1 сөйлемнен тілек айтады.Қызығушылығын ояту./Жұмбақ жасыру/ «Табиғат» (1 топ) «Бұлақ» (2 топ) «Жолаушы» (3 топ) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын балық» стартегиясы арқылы сұралады. Топтар сыбырласу әдісі арқылы өз топтарынан бірнеше алтын балықты таңдап,оған сұрақ қойылады.
-Мәтін не жайында?
-Жақсылыққа жамандық бар ма?
-Ғалым жыланнан қалай құтылды?
-Сен де осындай жағдайға тап болсаң қайтер едің?
ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?Мағынаны тану кезеңі.а) Оқушыларға слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.Шығармалары:Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.ә) Мәтінмен жұмыс.Сөздік жұмысы.Ғибрат алу – үлгі алу.Мағынаны ашу а/Мәтін үш бөлікке бөлінген. Мәтіннің бір бөлігін 1 топ оқиды. Сұрақ. 1) Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды. 2) Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар? Мәтіннің 2 бөлігін 2 топ оқиды. Сұрақ: 1. Бірінші, екінші жолаушының жазуы туралы пікірі не болды? 2. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Мәтіннің үшінші бөлігін 3 топ оқиды. Сұрақ: 1. Үш жолаушы неге бірдей ойлайды екен? 2. Автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз? Болжау стартегиясы.ә/ Адам, бұлақ сөздеріне ассоциациялық аймақ құру.Бұлақ -------------- Адам3/«Менің де айтарым бар»Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес келеді?Жақсы адам – елдің ырысы,Жақсы сөз – жанның тынысы.Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.Ақыл көпке жеткізер,Өнер көкке жеткізер.Өмірмен байланыс.Біз қандай болуымыз керек? Пікір алмасу. V. Жаңа материалды бекіту .Ой толғаныс. (негізгі ойды тауып екі бетті күнделік сызбасын сызу). Негізгі ой Неге? Дәлелде. Табиғат үйлесіміне қол сұқпа, бүлдірме. Табиғат – асыраушың Табиғат – анаң Табиғат – туған өз үйің V. Шығармашылық жұмыс. 1. «Табиғат» 1-ші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді (топтастыру әдісімен) жазу. 2. «Бұлақ» 2-ші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді (топтастыру әдісімен) жазу. 3. «Жолаушы» 3-ші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді (топтастыру әдісім Ой - толғаныс кезеңі.«Су – тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу.
VІІ. Қорытындылау. 1. Табиғатты қорғау үшін не істеу керек? (Әркім өз ойын айтады).
Кубизм стратегиясы
1. Ыбырай Алтынсарин кім?2. Ыбырайдың туған жері?3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?7. Әңгімеден қандай ой түйдің?VІІІ. Үйге тапсырма: «Таза бұлақ» әңгімесін оқып мазмұндау. Ы. Алтынсарин туралы әңгімелеу. Бағалау. Әр топ кімнің қалай жұмыс істегенін ескере отырып, өздерін бағалайды