ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТАЗА Б?ЛА?


Әдебиеттік оқу 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ».
Мақсаты:Білімділігі: Мәтінді түсініп оқуға, автордың ой түйінін таба білуге үйрету;Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын әдеби тілде еркін жеткізе білуге төселдіру, сауатты, мәнерлі оқу дағдысын дамыту;Тәрбиелігі: Оқушыларды зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.Түрі: аралас сабақ.Сабақтың типі: жаңа сабақ.Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:– Үйге берілген тапсырма қандай еді?1) «Баланың айласы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.2) Автор туралы мәлімет алу.
3) Сұрақ-жауап:– Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?– Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді?– Тас астынан не шықты?– Қандай төрешілерге барды?– Төрешілер не деді?ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау:
1) Берілген суретпен жұмыс.– Суреттен не көріп тұрсыңдар?– Бұлақтың суы қандай?– Бұлақ суының қандай пайдасы бар?– Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдарыңа нені елестетеді?– Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесі.
ІV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс.а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.ә) Оқушылардың мәтінді іштей түсініп оқуы. Дауыстап тізбектей оқулары.б) Мәтіннен бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқыту.в) Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқыту.г) Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін мәтіннен тауып оқыту, өз пікірлерін тыңдау:
1. бірінші жолаушының,2. екінші жолаушының,3. үшінші жолаушының,4. өзіңнің пікіріңді айт.5. Сергіту сәті.6. Дәптермен жұмыс:
– Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін және өздерінің пікірлеріңді қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп дәптерлеріңе жаза қойыңдар.
V. Бекіту.– Бүгін сабақтан не біліп үйрендіңдер? Өз пікірлеріңді айтып көріңдер.– «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар».
VI. Қорытынды:1. Үйге тапсырма: Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.2. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау