Математика п?нінен саба? жоспары 7 санын ?осу ж?не азайту 2сынып


Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту жолдарымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға 7 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау тез, шапшаң есептеу дағдыларын, өз бетімен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа психологиялық дайындық.
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№6 (73 бет)
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Оқушыларға бүгінгі өткізілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
7 санын қосу және азайту.
ІV. Жаңа сабақ
1.Түсіндіру
№1
А) 7-ге 7-ні қалай қосу керек?
7+7 =
(7+3) +4=14
14-тен 7-ні қалай азайту керек?
14-7=
(14-4)-3=7
Қосу кестесі
7+7
8+7
9+7
Ә) түсіндіре отырып шығар
8+7= (8+2)+5=15 15-7=(15-5)-2=8 9+7=(9+1)+6=16 16-7=(16-6)-1=9
2 5 5 21 66 1
2.Теңдікті құр
№2
8+7=15 15-7=8 7+8=15 15-8=7
3.Өзбетімен жұмыс
№3
7 мен 3 сандарының қосындысына 4-ті қос
(7+3)+4
14 пен 4 сандарының айырмасынан 3-ті азайту
(14-4)-3
8 бен 2 сандарының қосындысына 5-ті қосу
(8+2)+5
15 пен 5 сандарының айырмасынан 2-ні азайту
(15-5)-2
9 бен 1 сандарының қосындысына 6-ны қосу
(9+1)+6
16 мен 6 сандарының айырмасынан 1-ді азайту
(16-6)-1
VІ.Сергіту сәті
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
4.Тақтамен жұмыс
№4
Бірінші жәшікте 30 кг сары май бар, ал екіншісінде одан 5 кг сары май артық. Екі жәшікте неше килограмм сары май бар?
І жәшік – 30 кг
ІІ жәшік – ? 5 кг артық ? кг ( 30+5)+30=65
5.Өзбетімен жұмыс
№5
Робот – 9
Қуыршақ - ? 5 кем (9+5)+9= 23
Барлығы - ? о
6.Шығармашылық тапсырма
Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
V.Қорытынды
VI.Үйге тапсырма
№6 74 бет
ІV. Бағалау