Мерейлі отбасы сайысыны? сценарийі


Колледжде өтетін «Мерейлі отбасы 2015» байқауының сценарийі
Мерзімі 28.03.15ж
Өтетін орны: Колледж мәдениет залы
Жүргізушілер: Орманов А.К.
Ихсанова А.С.
Фанфар ойнайды, сахнаға жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші: Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі2 - жүргізуші:
Ата-ана болса өрнекті,Ұл мен қыз өсер көрнекті.Әуезов Мұхаң айтқандай:Түзейік бесік-жөргекті.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Ата - тау, ана - бұлақ, бала - жағасындағы құрақ. Ата - ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу әр перзенттің міндеті. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында жақсы тәрбиенің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды.2 - жүргізуші: Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» - демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.1 - жүргізуші: Ендеше, бүгінгі «Мерейлі отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысқа келіп отырған таңдаулы, үлгілі, мерейлі отбасыларымен таныс болайық!
1. Әшімовтер отбасы
2. Бексемұратовтар отбасы
3. Ахметжановтар отбасы
4. Қадырмановтар отбасы
5. Будановтар отбасы
6. Молдахановтар отбасы
1 - жүргізуші: Ал енді сайыскерлерімізге баға беруші әділқазыларымызбен таныс болыңыздар!
1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы
2. Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанұзаққызы
3. Қызметкерлер жөніндегі менеджер Алтыбаева Гүлфайруз Слямовна
4. Кәсіподақ төрағасы Искаков Артур Николаевич
5. Жастар ісі жөніндегі менеджер Карибжанов Самат Алпамысұлы
Құттықтау сөз Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлына беріледі.
Сайыскерлерді сахна сыртына шығарып саламыз!1. «Баланың ойы»Ей, тәкаппар, дүние,Маған да бір қарашы,Танимысың сен меніМен үлгілі ата - ана баласы... дегендей «Мерейлі отбасы» сайысының бөлімдерімен таныс болыңыздар!
1 бөлім.«Отбасым-мақтанышым». Жанұя өз отбасын таныстырады. Таныстыру кезінде отбасы мүшелері, ата-тектері, жанұялық кредолары туралы айтады. Бағалану: 1-5 ұпайға дейін.
2 бөлім. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» сайыскерлер отбасы болып өз өнерлерін көрсетеді. /ән айту, көркем жанр көрсету, өлең оқу, сценка қою, би билеу т.б./ Бір жанрды ғана алуға болады.
3 бөлім. «Біз шағын мемлекетпіз» отбасына ситуациялық сұрақтар қойылады.Сұрақтар жанұяға әр түрлі отбасылық ситуациялық жағдаяттарға байланысты болады. Жанұяның тез ситуациядан шығу тапқырлықтары бойынша жауаптары бағаланады. Бағалану әрбір сұраққа 1-5 ұпай.
4 бөлім. «Отбасының бір күні». Сайыскерлер бейнеролик арқылы отбасының біркүндік өмірін, тыныс-тіршілігін таныстырады.
2 - жүргізуші: Атаң болса анаңменАлтыннан соққан қорғаның.Ағаң болса ақылдыЕшкімнен кем болмадың.Інің болса жанашырСемсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл,Сөнбес сенің шырағың деген.Олай болса «Отбасым-мақтанышым» бөлімін бастаймыз! Сахнаға Әшімовтер отбасын шақырайық!
2. Бексемұратовтар отбасы
3. Қадырмановтар отбасы
4. Молдахановтар отбасы
5. Ахметжановтар отбасы
6. Будановтар отбасы
Әділқазылар 1 бөлімнің бағасын береді.
1 - жүргізуші: Ата-ана болса өрнекті,Ұл мен қыз өсер көрнекті.Әуезов Мұхаң айтқандай:Түзейік бесік-жөргекті.
2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» бөлімі. Сахнада өз өнерлерімен Әшімовтер отбасы.
2. Бексемұратовтар отбасы
3. Қадырмановтар отбасы
4. Молдахановтар отбасы
5. Ахметжановтар отбасы
6. Будановтар отбасы
Әділқазылар 2 бөлімнің бағасын береді.
«Біз шағын мемлекетпіз»
ситуациялық сұрақтар кезеңі
Сұрақтарға ата-аналар бірлесіп жауап береді.
Барлық сайыскерлерді сахнаға шақырайық.
«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіздер?
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» ұғымының мағынасы қандай?
«Отбасы –шағын мемлекет» дегенді қалай түсіндіресіздер?
«Үмітті үзу - қайратсыздық» ұғымын қалай түсінесіздер?
«Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» қалай түсіндіресіз?
«Отбасының мәңгі бақытты болуы – ерлі-зайыптылардың мінездеріне тікелей байланысты» қай ғалымның сөзі? / Әл-Фараби/
Отбасында қаржы мәселесі тығырыққа тірелді, сіздің әркетіңіз?
Отбасында екі ерке қыз, екеуінің тәртібі бойынша мектепке шақыртты, қатты сөздер айтылды, қыздарыңызға сіздің әркетіңіз?
Мектеп ұжымы сіздің балаңызды шетелге жіберетіндіктерін айтты, қаржы мәселесі отбасынан екендігі де айтылды, бірақ сіздерде ондай қаржы жоқ, сіздің әркетіңіз?
Отбасында аяқ астынан ұрыс-керіс басталды, сіздің әркетіңіз?
Үй тар, 4 балаңыз бар, ауылдан жұбайыңыздың 2-3 туысы қонаққа келе жатқандықтарын ескертті, олар сіздің үйіңізде біраз болатындықтарын білдірді, сіздің әркетіңіз?
Жұбайыңыздың қызметі ауыр, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге мүлде уақыты жоқ, сіздің әркетіңіз?
Соңғы бөлім «Отбасының бір күні» атты бейнероликке кезек берейік!
Әділқазылар бағасы. Қорытынды сөз.