1-ден 7-ге дейінгі сандар.Апта к?ндері


«Тексерілді»_______________
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
№21 «Назерке » балабақшасы
МКҚК-ның әдіскері:Ж.А.Сарыева
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі .
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика
Тақырыбы : «1-ден 7-ге дейінгі сандар.Апта күндері»
№9 «Жасдәурен» ересек тобының
Тәрбиеші:Клычева С.Ж.2016 -2017 оқу жылы
Тақырыбы:1-ден 7-ге дейінгі сандар.Апта күндері.
Мақсаты:1)Білімділігі:аптадағы күндердің атауын жаттату;логикалық ойын есептер шығару арқылы,балалардың білім-біліктілігін арттыру.
2)Дамытушылығы: 7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру;логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3)Тәрбиелігі:Әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар:слайд,суреттер,сандар.
Сөздікжұмыс:апта күндері,жеті.
Әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,санау,сұрақ-жауап,мақтау,мадақтау.
Оқу қызметініңкезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түссін даламыз.
Біз бақытты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай ай?
-Ай аттарын ата.
-Аптада неше күн бар?
-Апта атауларын ата.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
-Қыс мезгілі.
-Ақпан.
-Желтоқсан,Каңтар,Ақпан.
-Жеті күн бар.
-Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі,
Бейсенбі,Жұма,Сенбі,Жексенбі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар қыс мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?
-Балалар өткен оқу іс-әрекетте қандай цифрмен таныстық?
Аружан:
Менің сырқат санамды сауықтырған
Қарға қарап,қуандым жауып тұрған.
Қар астында қамалып қалса дедім,
Қу тірлігім жанымды жалықтырған.
-7 саны мен цифры.
Өткен сандарды еске түсіріп,ұжыммен тура және кері санайық.
Балалар қазақ халқында 7 саны касиетті сан,мынадай халық аузында нақыл сөз бар:жеті қазына,жеті жарғы.Осы 7 санына байланысты кім мақал-мәтел біледі?
-Балалар енді біз ойын ойнаймыз.Ойынның шарты адасқан апта күндерін орынын тауып орналастыру.
Ал балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз 1 ден 7-ге дейінгі сандар және апта күндері.
Жұмбақ есеп:
Талда 6 торғай,
Ұшып келді 1 торғай
Барлығын қосқанда
Болады неше торғай? (7 торғай)
Ал ендеше балалар сергіту сәтін орындайық.
Дидактикалық ойын:«Көршісін тап».
Шарты :Мына көріп тұрған санның көршісін тауып орналастыру керек. 0,1,2,3,4,5,6,7
7,6,5,4,3,2,1,0
Абай:
Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
Жансая:
Жігітке жеті өнер де аз.
Балалар ойынға белсенді қатысады.
7 торғай.
Сергіту сәті.
Дүйсенбіде:доп ойнадық далада,
Сейсенбіде:серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде: сурет салдық әдемі,
Бейсенбіде:би биледік әдемі,
Жұма күні:жидек тердік даладан,
Сенбі: күні кино көрдік клубтан,
Жексенбіде:бир ұйықтадық демалдык,
Осылайша өтіп кетті бир апта.
...,2...,...5...,...,8....Балалар ойынға белсене қатысты.
Балалар ойлау қабілеттерінің жақсы екенін көрсетеді.
Тапсырмаларды орындайды.
Енді балалар ойлау қабілеттеріңді тексеріп көрейін.Логикалық есептерді шешейік.
1+2 5-2
2+2 4-2
3+3 3-1
Дәптермен жұмыс.
(Жеке жұмыс жүргізу)
Рефлексиялық түзетушілік -Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
-Бір аптада неше күн бар?
-Қандай дидактикалық ойын ойнадық?
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау. -Иә ұнады.
-7 күн бар.
-Көршісін тап.
Орындайды:сандарды тура және кері санауды.
Түсінеді:7 цифрының қасиетті сан екенін түсінеді.
Қолданады:дидактикалық ойын ойнау,жұмбақ есептер шешу.