: «1-ден 7 –ге дейінгі сандар»Апта к?ндері


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:1.02.17ж
Білім беру саласы:Таным
Кіәші сала:ҚМҰҚ
Тақырыбы: «1-ден 7 –ге дейінгі сандар»Апта күндері
Мақсаты: аптадағы күндердің атуын жаттау,балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру;ә)7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру,балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Әдептілікке тәрбиелеу.Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
1.
2.
3. Тақпақ оқып беремін.
Апта күндері.
Сәл демалып тыным ал,
Тақпақ тыңдап ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар,
Сол жеті ұлдың жастары бір,
Әр ұлдың
Өзіне тән аты бар.
Бірі кетсе,екіншісі келеді.
Жеті бауыр адаспас,
Зымырайды ,желеді,
Ешқашанда шатаспас.
Дүйсенбі кір жудым,
Сейсенбіде үй жинадым.
Үшінші күні нан жауып,
Бейсенбіде шаң қудым.
Жұма күні демалып,
Сенбі күні трот алып,
Жексенбі қонақ шақырдым..
Балаларға өлең оқып беремін.
Апта ағайдың ұлдары:
Біріншісі-Дүйсенбі
Екіншісі-Сейсенбі
Үшіншісі-Сәрсенбі
Төртіншісі-Бейсенбі
Бесіншісі-Жұма
Алтыншысы-Сенбі
Жетіншісі-Жексенбі
Тәрбиеші балаларды жеті ағайындымен ойнауға шақырады.
Ағайындылар ешқешан тәртіп бұзбайды,рет-ретіменжүреді.
Біз сол тәртіпті жаттап алуымыз керек.Әр күнннің атын атап,рет-ретімен орналастырады.Содан соң оларға реттік номер беріп,олардың астына 1-ден 7-ге шейін жазылған цифрларды қойып шығады.Балалардан апта күндерін хормен айтып беруін сұрайды.
Дүйсенбі-бірінші күн
Сейсенбі-екінші күн,т.б
Содан соң кімнің қай күні не істегенін сұрайды.
-Адамдар қай күні дем алады,Қай күндері жұмыс істейді.Бүгін нешінші күн,кеше қандай күн болды,ертен қандай күн болады?
1-тапсырма:
Апта күндердің атауын жаттап алу.
2-тапсырма:
Бұл үйлерде апта күндердің тұратынын айту.
3-ші тапсырма үйлерді номерлеп шығу.
Сұрақтар қою.
Қортындылау.
Балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оұу іс-әрекетінен не үйренгшендерін сұрайды.
Апта күндерін атап шығуды өтінеді және балаларды мадақтайды.
Тақпақта тыңдап,аптакүндері туралы жұмбақты шешуін табады.
Ағайын бауыр дегеніміз –апта күндері.Оларды санайды.Күндердің атын қайталайды.
Апта күндерінің атауын қайталайды.Күндерді рет-ретімен атап шығады,олардың қасындағы «көршілерін»табады.
Балалар өз ата-аналарының қай күні демалатынын айтады.Сұрақтарға жауап береді.
Апта күндерінің атын дұрыс қолданып үйренеді.
Апта күндерін атап шығады,тапсырманы орындайды.
Күндер тәртібін еске түсіреді.
Өз орындаған жұмыстарын бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:апта күндерінің атаулары мен олардың ретін
Түсінеді:апта күндерінің реті туралы және алдыңғы ,келесі күн туралы түсінік беруді
Қолданады:апта күндерін ретімен атап шығуды