Технологиялы? карта бойынша саба? жоспары. Математика. Та?ырыбы:Текше,шар,цилиндр.?айталау.


Күні:_________
Білім саласы:таным
Бөлімі:қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы:Текше,шар,цилиндр.Қайталау.
Мақсаты: фигуралар туралы алған білімдерін бекіту.
Міндеттері:1.Балаларға Текше,шар,цилиндр туралы түсінік беру.Кіші екі сандарды қосу арқылы 2,3,4,5,6,7,8,9,10 санда-рын құрамын қайталау. Қосу және азайтудың арифметикалық амалдарының мәнін бекіту. 2.салыстыру дағдыларын арттыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3.ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:геометриялық пішіндер,үлестірмелі заттар,жазу дәптері,пішіндерден қатыстырылған суреттер, таяқ-шалар,сандар үйі.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивациялық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия 1.Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы!
2.Өткенді қайталай:
-1-ден 10-ға дейін тура,кері санау.
-пішіндерді қайталау.
-заттың қасиетін анықтау.
-Кеңестікті бағдарлау.
-Уақытты бағдарлау
3.Жаңа тақырып:
Балаларға 5,6,7,8,9,10 көлеміндегі сан құрамының барлық нұсқаларын көрсету.Сандар үйін толтыру.
Фигураларды қайталау. Текше,шар,цилиндр ту-ралы түсінік беру.
Дәптермен жұмыс
№1 тапсырма:денелерге ұқсас заттарды тауып жапсыру жұмысын орындау.
№2тапсырма:өзгерт:пішінін,түсін,көлемін,санын.
№3 тапсырма:сурет бойынша есеп құрастыр және шығар.
3+2=5
№4 тапсырма:7,8 цифрларын жазу. Суретті қайта-лап салу.
4.Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
5.Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?»
Шарты:заттар қандай денеге ұқсайтынын айту.
6.Қортындылау
- Бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
- Сан құрамын қайталау.
-Қандай фигураларды білесіңдер?
-Денелерді сұрау.
-Балалардың жауаптарын бағалау. -өлең жолдарына қи-мыл жасайды.
-санайды
-пішіндерді атайды
-ауызша жауап береді
-тапсырмаларды дәптерде орындайды
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
-ойынды әр бала орындарында орындайды.
-сұрақтарға жауап беру арқылы, білім-дерін қортындылау Білу: фигура,денелер туралы түсінік алу.
Игеру: есеп шығара алу.
Меңгеру:сан құрамын меңгеріп алу.