Технологиялы? карта Та?ырыбы: «Бау-ба?шада,ба?тарда»


«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс -әрекетініңтехнологиялық картасы
Күні:05.09.2016ж.
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Бау-бақшада,бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)
Мақсаты:балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту,балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу, сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу, еңбексүйгіштікке,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын көрнекті құралдар:жемістер мен көкөністер муляждары.
Сөздік жұмысы:бау-бақша,бақ.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
-Ал бүгін аптаның қай күні?
-Сәрсенбі қандай күн?
Бәріне сәттілік тілеу:
-Балалар,күндерің сәтті өтсін!
Жауаптар:
-Қазір жылыдың күз мезгілі.
-Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз.
-Бүгін аптаның үшінші күні-Сәрсенбі күні.
-Сәрсенбі- сәтті күн.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізжемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.
-Қане,күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?
Олай болса,себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып,оның атауын айтып,түсін,пішінін айтып әнгімелеу.Мысалы,мынау алма,оның түсі қып-қызыл,пішіні дөп-дөңгелек,дәмі тәп-тәтті т.б.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін,оларды ажырата білуге баулу.Саусақ моторикасын дамыту.
Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріменорындалады.Дәптердегі№1тапсырмадағы жемістер мен көкөністерді атап,олар қайда өсетінін анықтап,ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.
-Жемістер қайда өседі?
-Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).
Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.
Муляжына қарап,оны атайды,түсін, пішінін атайды)
Өздері таңдаған жемістері мен көкөністері туралы әнгімелейді.
Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.
-Жемістер бақтағы ағаштарда өседі.
-Көкөністер бақшада,жерде өседі.
Сергіту жаттығуы: «Шие»
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
(Ә.Дүйсенбиев)
(«З» дыбысының дұрыс айттылуын қадағалау).
-Алманы ағаштан қалай аламыз?
Қане, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп-үзіп алып жинайықшы.
-Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?
Күз-күз-күз
-Қане,енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп,дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы.Ыз-ыз-ыз.
-«З»дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдер ме?
-Балалар,бізге осындай дәмді жемісстері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге,жерімізге арнаған тақпақты атайықшы.
Отаным менің кең –байтақ
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы.
Ел-Отан біздің кең байтақ, Отанның біздер баласы.
Қ.Шаңғытбаев
Жұмбақ.
Аспай піскен,қайнамай түскен.
(Жеміс) Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
-Алманы ағаштан үзіп аламыз.
«Үз-үз-үз»деп қайталап,ағаштан жеміс жинағандай қимыл жасайды.
-Көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде жинаймыз.
-Күз-күз-күз.
Ұшып ара болады. -Ыз-ыз-ыз.
-Жүзім,қарбыз,сәбіз.
Тақпақты педагогпен бірге қайталайды.
-Жеміс.
Рефлексиялық-
түзетушілік
-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Еңбек-адамның екінші анасы.
Оқу іс-әрекетін қортындылап,балаларды мақтап,мадақтау.
Балалар педагогтің соңынан қайталайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды.
Игереді: «З» дыбысын дұрыс айтуды.
Меңгереді: жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетінін біледі.