Бау-ба?шада.


БҚО.Теректі ауданы.Сары-өмір ауылы. МҚКК «Өркен»балабақшасы.
Мухамбетжанова Орынғаным Сайлауовна.
МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Бау-бақшада.
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелей келе бау-бақшада өсетін мәдени өсімдіктермен таныстыру. Жемістер мен көкөністерді айыра білуге үйрету. Еңбексүйгіштікке баулу.
Билингвизм: Жемістер-фрукты. Көкөністер-овощи.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер. Күз мезгілінің суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші-ұйымдастырушы.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жер-анамен, күнмен амандасып, күннен жылу алуды ұсынады. Бір-біріне алған жылуын сыйлауын ұсынады.
-Армысың, Жер-ана!
-Армысың, Алтын –күн!
-Қайырлы таң, балалар,бүгін күн сәулесі бізге нұрын төгіп тұр. Қане күннен қолымызды созып жылу алайық.
- Ғажайып сәт.Топқа Алтын күз келеді.
Алтын күз:сәләматсыңдар ма балалар? Мен Алтын күзбін мен туралы не білесіңдер?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар.
-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Дұрыс-ақ, көкөністер мен жемістер бау –бақшада өседі.
Жемістерді атайық.
Көкөністерді атаңдар.
Жұмбақтар жасыру.
1.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
/пияз/
2.Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті. /қарбыз/
Ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді айыра білуге баулу.
Ойын шарты: Тәрбиеші көкөністер мен жемістерді атайды. Жемістерді атаса, қолды жоғары шапалақтау керек, ал көкөністі атаса, төмен шапалақтау керек.
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен шеңберге жиналып, күнмен, жермен амандасып бір-біріне жылу сыйлайды.
-Армысың, Жер-ана!
-Армысың, Алтын –күн!
-Қайырлы таң, апай!
Балалар амандасады.
Балалар білгенін айтады.
-Күз мезгілі.
-қыркүйек, қазан, қараша.
-Күзде ауа-райы салқындайды.
-Күзде жаңбыр жауады.
-Күзде құстар жылы жақтарына ұшып кетеді.
-Күзде жеміс-жидектер піседі.
-Күзде көкөністер піседі?
-Алма, алмұрт,шие, банан, өрік, ананас, апелсин.т.б.
-Сәбіз, картоп, қызылша, пияз.т.б.
Балалар қызығушылықпен ойын ойнайды.

Сергіту сәті:
1,2,3
Демалайық жинап күш
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Дидактикалық тапсырма.
Сорпа мен компот пісіру. Балалар сергіту сәтін жасайды.
1,2,3
Демалайық жинап күш
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Дидактикалық тапсырма.
Сорпа мен компот пісіру.


Жетекші-жөндеуші
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қою арқылы бүгін не үйренгендері туралы сұрап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Балалар түрлі тақпақтар айту арқылы тілдері дамиды. Сөздік қорлары молайып, ойын арқылы ой-өрісі өседі.
Күтілетін нәтиже:
1.Білуі: Бау-бақшада өсетін өсімдіктер туралы.
2.Меңгеруі: Атауларын меңгереді.
3.Жасай алуы: Алған білімдерін өмірде қолданады.