Информатикадан Web-беттердегі гиперсілтемелер та?ырыбында?ы ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (11-сынып)


Сабақтың тақырыбы Web-беттеріндегі гиперсілтемелер
Сілтеме Информатика, 11-сынып. Оқулық. Әдістемелік құрал. Практикум. Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова, Алматы: Жазушы, 2011
Жалпы мақсаты Оқушыларға  гиперсілтемелермен жұмыс жасай алу үшін  бағыт-бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Түйінді идеялар Гиперсілтемелерге қолданылатын командаларды білу;
Гиперсілтемелермен жұмыс істеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар гиперсілтемелермен жұмыс жасай алатын болады;
Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана біледі;
Теориялық білімдерін практикада қолдану дағдысы қалыптасады;
Информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері дамиды;
Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Сабақтың түрі Практика элементі бар жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, АКТ
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру Сәлемдеседі, кезекші сынып туралы мәлімет береді, сабаққа дайындалып отырады.
Білу 1-тапсырма. Оқулықты пайдаланып, сұраққа жауап жаз:
Гиперсілтеме дегеніміз не?
Гиперсілтемелер қандай объектілерге қолданылады? Гиперсілтеме – ағымдағы Web-беттер арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың әдісі.
Гиперсілтемелер мәтіндік және графикалық объектілерге қолданылады.
Түсіну 2-тапсырма. Суреттерде көрсетілген іс-әрекетті түсіндір:



Гиперсілтемені қосу командасы көрсетілген.
Гиперсілтемені қосу терезесі көрсетілген, қай файлды ашуға сілтеме таңдау мүмкіндігін береді.
Гиперсілтемені мәтіндік және графикалық объектілерге қолдану көрсетілген.
Гиперсілтемені өзгертуге және жоюға болады.
Қолдану 3-тапсырма. Төменде берілген практикалық жұмысты компьютерде орында:
Мектептегі оқушылар тізімі туралы веб-бет құр, ол үшін барлық оқушыларды сыныптар бойынша бөліп, оларды гиперсілтемелермен байланыстыр. Сілтеме: /жұмыс үстелі/оқушылар тізімі.docx
Компьютердің құрылғылары туралы мәліметі бар веб-бет құр, гиперсілтемені қолдан. Сілтеме: /жұмыс үстелі/компьютер құрылғылары/*jpg

Талдау 4-тапсырма. Объектінің басқа нысанға гиперсілтеме ретінде қолданылатынын қайдан білесің? Объект, егер мәтіндік гиперсілтеме болса, онда оның асты әдетте көк сызықпен сызылады және объектіге тышқан нұсқағышын апарғанда пішіні алақан түріне өзгереді.
Жинақтау 5-тапсырма. «Гиперсілтеме» сөзіне 5 жолдан тұратын синквейн құра. Гиперсілтеме
Ыңғайлы, қажетті
Байланыстырады, ауысады, өзгереді
Веб-сайт беттерін құруға көмектеседі
Интернет
Бағалау 6-тапсырма. «Веб-беттеріндегі гиперсілтемелердің атқаратын рөлі қандай?» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын өз пікіріңді жаз. Әр оқушы өз пікірін эссе түрінде жазады.
Қорытынды Оқушыларды берілген 6-тапсырма бойынша жинақтық бағалау Тапсырмаларды дұрыс орындағандарына байланысты бағаланады.
Үйге тапсырма Өтілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс