Насреддин Раб?узи «Л??ман Хакім» 5-сынып


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
« Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А.Кулжонова
Тақырыбы: Рабғузи "Лұқман Хакім" Сынып: 8Пәні: қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Насреддин Рабғузи «Лұқман Хакім»Сабақтың мақсаты:Білімділік: Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы және шығармаларының идеясы туралы өзіндік қорытынды жасай білу дағдысын жетілрдіру.Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі тақырып бойынша қорытындылау,постер қорғату, қиссаларды топтастыру, өзара сұрақ-жауап, жоспар құрғызу;Көрнекілігі: А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», энциклопедия, слайдтар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. Оқушыларды 3 топқа бөлу (қызыл, сары, көк)ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Махмұт Қашқаридың өмірін әңгімелейді
2. Өлеңдерін талдап,жатқа айтады
3. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-турки» еңбегі туралы
III. Білімді жан-жақты тексеру
Топтар өзара сұрақ-жауап ұйымдастырады
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
Балалар,біз бүгін алтын орда дәуірінің көрнекті өкілі Рабғузидцың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып үйренеміз.
Слайд «Ұлылар шығармаларындағы үндестік»
«Алтын Орда әдебиеті» деп аталу себебі.Бұл дәуірден жеткен он шақты ескерткіш болғанымен, Біздер Рабғузи және Сәйф Сараи шығармаларымен танысамыз.2. Алтын Орда мемлекеті туралы.Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қол астына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Кавказ, Қырым қарады. Қазақ жері ол кезде Дешті Қыпшақ аталатын, оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда аталды. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қаласы болды. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді. ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты, сөйтіп дербес қазақ хандығы құрылды.
Миф ұғымы-алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние, жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін, қалыптасқан әңгімелер. Мифтерде көптеген халықтарға ортақ сюжеттер бола береді. Мысалы: жер-дүниенің алты күнде жаралуы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары, топан су жайлы, т.б. әңгімелер. Мифте бір замандарда болып өткен оқиғаның шындық дәні сақталуы мүмкін.Мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде екендігі туралы айтылады.V. Жаңа білімді меңгерту.
1-топ Рабғузидың өмірі туралы
2-топ Рабғузидың Лұқман қакім туралы қиссаларыМұғалім: Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.Кітапта қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық, т.б жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер бар.«Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» , »Лұқпан Хаким хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы.Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар;2. Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар;3. Һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп, Жақып, Мұхаммед Пайғамбарлар туралы да қызықты хикаялар бар. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударғандар: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева,Н.Сағындықов.
VI. Берілген білімді тексеру кезеңі
Постер қорғату.
1 топ «Адалдық»
2 топ «Достық»
3 топ «Қайырымдылық»
Бағалау «Екі жұлдыз – бір тілек»Топтық тапсырмалар
1.«Мағынаны таны» стратегиясы.
( 3 топқа әңгіменің тақырыбын идеясын жазғызу)
Тақырыбы – Өмірде кездесетін жақсылық пен жаманшылықты айтады Идеясы - Адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Бағалау 2.«Рет – ретімен орналастыру» стратегиясы (Жоспарды жазғызу) 1.«Адалдық тобы»
1.Лұқман хакім 2.Арам ой 3.Жолы болмау 4.Ақылға келу 5.Жолы болу 6.Данышпан ақылы
2. «Достық тобы»
1.Нұхтың кемесін тышқан тесті2. Жылан тілегі3. Масаның тілін жұлған қарлығаш4. Жылан құрбақа жейтін болды5. Қарлығаш – адамға дос
3. «Қайырымдылық тобы»
1.Залым патша бұйрығы
2.Құдық ішіндегі тіршілік
3.Қиналған патша
4.Данышпан – Лұқман3. Топтастыру
«Лұқман хакім қандай адам?» 4. «Ой саралау» стратегиясы.
Берер жауаптарыңызды топта талқылап,талдаңыздар.
Лұқманға замандастарының бірі:«Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап,тәрбие жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші?»-деп өтініш жасапты. Хакім Лұқман:«Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын.Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп,оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.Олар төрт уақытта төрт нәрсені қорғау,екі нәрсені ұмытпау,екі нәрсені мүлде жадынан шығару. Тапсырма: Лұқман Хакімнің берген жауабы қандай болды? Сендердің ойларыңыз қандай? 6. Рефлекция7. Сабақты қорытындылау.Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады.Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талайұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр.8. Үйге тапсырма беру.1.Адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттеріне байланысты мақал- мәтел жазу. 2. “Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену” (эссе жазу)