Доклад Жас?спірімдерді? ?ылмысты? жауапкершілігі


Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігіМақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Құрметті оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.Бүгін бізде қонақта учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Жуманов Аманжол Сайлаубаевич.
Бүгін біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.
Жиналысымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
14-бап1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.15-бап1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.16-бап1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.17-бап1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.19-бап1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.22-бап1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.25-бап1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.Сұрақ-жауап
Есіл ауданы бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
4. Ата-аналар қанша айыппұл төлейді, төлемеген жағдайда қандай шара қолданасыздар?
5. Бір немесе екіден көп кәмелетке толмаған жасөспірімдер төбелескен кезде біреуі абайсызда жарақаттанып қалса қандай шаралар қолданылады?
Қорытынды. Сонымен, құрметті студенттер, ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)3. Ұрлық түбі ... (қорлық)4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)6. Әділ істің...(арты игі)7. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)8. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Ақтас негізгі мектебі

баяндама
Өткізген: Учаскелік полиция
инспекторы,
полиция лейтенанты
Жуманов А.С.

Мектеп психологы:Бектемирова А.Т.
2015-2016 оқу жылы