Сайыс ата — анамен «Ж?зден ж?йрік озар жарыс?анда»


Тақырыбы: «Жүзден жүйрік озар жарысқанда».
Мақсаты: Тіл мерекесіне орай ата-аналармен бірлесе отырып іс-шара өту мақсатында өзара ұйымшылдықпен, ынтымақтастықты қалыптастыру.
Өтілу барысы:
- Тәрбиешінің сәлемдесуі.
Топты таныстыру.
Төртеу түгел болса...
Тіл шеберлері туры (мақал-мәтел жалғасын айту және жаңылтпаш қайталау).
Көркем сөз жарысы.
Алтын сандық туры (жасырылған затты жұмбақ арқылы шешу және жұмбақты үш тілде айту).
Тәрбиеші: Жүйрік болсаң озып көр, ал қанекей,
Сайыстардан құр қалмайық жол жөнекей.
Қош келдіңіз, ата-ана қымбаттылар,
Балаларға білім нәрін жалғап тұрар, демекші, бүгінгі тіл мерекесіне орай өткізілгелі отырған ата-аналар арасындағы сайысқа қош келдіңіздер. Сайысымыз бес турдан тұрады.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейін:
- Меңгеруші: Құрманбекова Л.С.
Әдіскер: Оразова Л.Қ.
Тәрбиеші: Қосниязова Ж.Н.
Ал, олай болса, алға деген үмітпен, нық сеніммен сайысымызды бастайық.
Екі топ өздерін таныстырады.
Топтың аттары: «Болашақ», «Сұңқар».
Келесі турымыз: «Төртеу түгел болса» деп аталады.
Ойынның шарты: Екі топ шарды көп жару арқылы сұраққа жауап беруге жарысады.
Ал енді сұраққа көшейік:
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қай жылы қабылданды?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Тосын сый.
Үш тілді тұғырлы ел дегенді қалай түсінесіз?
Сіздің балаңыз екі жаста, төрт жылдан кейін мектепке барады. Онда бірінші сынып оқушысы үш тілді еркін білу керек деген талаптар қойылды. Сіздің осы жағдайға көзқарасыңыз?
Қазақстанның мемелекеттік рәміздерін ата

Тіл шеберлері сайысы.
Мақал-мәтелді жалғастыру керек.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Өнер алды – қызыл тіл.
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын. \
Ойын: «Ойлан тап».
Енді сіздерді аудиожаңылтпаштар күтіп тұр:
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты,
Мен шытырмыштамай,
Кім шытырмыштайды?
Шілікті шаптым,
Жілікті астым,
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
Келесі турымыз «Көркем сөз шеберлер сайысы».
Ал міне соңғы турға да келіп жеттік. Бұл тур «Алтын сандық» деп аталады. Жұмбақты шешу арқылы алтын сандықтың ішінде не жасырылғанын табамыз және үш тілде айтып көреміз.
Тілі барда үні жоқ, сөйлеп тұрар ішінен,
Көзбен шалсам бір рет, не дегенін түсінем. (Кітап)
- Қабы сояу,
Діні – бояу. (Қарындаш)

- Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам)
Бейне сұрақ қояды.

Қорытынды: Олай болса бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазы алқаларына берейін. Марапаттау.
Есте қалсын осы бір сәт ұмытылмай,
Жеңейік қиындықты еш ұтылмай.
Балаға білімді ата-ана бола білген,
Қошеметпен қоштасайық бос отырмай.