Ж?йріктен ж?йрік озар жарыс?анда (студент)


Республикалық жоғары техникалық колледжі
«Бекітемін»
Директорыдың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Келбетова Э.С
«___»____________2016 ж.

Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Өткізген: Ғинаятова А.Е.

Орал 2016 жыл
Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Cайыс)Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.
Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарларТүрі: жарыс сабақӘдісі: сұрақ - жауапСабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңіҚұрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сыныптан тыс сағатындағы топтар арасындағы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысады. Сайыс 6 бөлімнен тұрады1. Таныстыру2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу,мақал- мателдер; қазақша, орысша жауабын айту)6. Топ басшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі)
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғынаШығыңдар білім шыңынаҰқыптылық пен зеректікЖеткізер сіздей өрендіБілімнің нәрлі сырынаЖүргізуші: Ал келіңдер, келіңдерБір - біріңе еріңдерБіліміңді тексеріпБәйгеге қатысып көріңдерБәйгеге түсіп жарыспайЖүйріктің бағы жанар маБілім мен өнер жарысыпТәрбие – тәлім табар маБұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз
Бүгінгі сайыстың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Келбетова Э.С.
2.Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы: Атабаева Н.М.
3.Техникалық пәндер оқытушысы: Мамбеталиева Э.А.
4.Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы: Сисенгалиева С.М.
Сайыста ең жоғарғы ұпай – 5
Ең аз ұпай – 3
Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады1 – топ:Ұраны:2 - топ:Ұраны: 3 - топ:Ұраны:
Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.1 топ
1. Білім күні (1 қыркүйек)2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)3. Жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006 ж қаңтар)4. Ән ұранның сөзін жазғандар? (ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.)5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін нешеминут қажет? (5 минут ) 6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (тоқтар)2 топ
1. Республика күні (25 қазан)2. Ұя салмайтын құс (көкек)3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991 ж 1. 12)4. Қазақстан туының авторы? (Ш. Ниязбеков)5.Қазақ ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне қашан көтерілді? (1994 ж 30 маусым)6. 1 кг мақта ауыр ма 1 кг темір ауыр ма? (Тең) 3 топ
1. Абылайдың шын аты? (Әбілмансұр)2. Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)3. Бір сыйлықты орау үшін 30см жылтыр қағаз керек,7сыйлыққа қанша см керек?( 210 см )4. Ауыл жылы болып қай жылдар белгіленді? (2003-2004 жылдар)
5. ҚР - ның Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995ж)
6. Жаңа үлгідегі теңгелер қашан еңгізілді?( 2006 жылы қараша)
Үшінші бөлім бойынша Естімеген елде көп логикалық тапсырмалар1 - топ:
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)2- топ:
1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)3 топ:
1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)Төртінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»1 - топ:
1. Арқанды ат... (қазығына оралар)2. Ат жақсысын мақта,...(Адам жақсысын жақта)
3. Ұстазы талантты болса,Шәкірті... (талапты болар)4. Мал қонысын іздейді,....
(Ер жігіт туысын іздейді) 2 - топ:
1. Ғылым – теңіз,...... (білім – қайық).
2. Сұңқар киясын сағынады,.......
(Торғай ұясын сағынады)3. Жат елдің жақсысы болғанша,..........
(Өз еліңнің сақшысы бол)4. Әдептілік белгісі,................./иіліп сәлем бергені/3 - топ:
1. Ер сүрінбей, ел танымас........
(Ат сүрінбей, жер танымас)2. Ел даусыз болмайды..........
(Ер жаусыз болмайды)3. Қорқақтың көзі үлкен,............
(Ақымақтың сөзі үлкен)4. Отан................................................ /оттан да/ ыстық
Бесінші сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл»1 - топ:
1. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг)2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч)3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга)4. Жеті қазынаның бірі (ит - собака)2 - топ:
1. Баска пәле ....... (тіл - язык)2. Сағат сайын қағыладыТек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)3. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье)4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна)3 - топ
1. Сыйлап берген ...да тәттi (су -вода)2. Мені жұтсаң қуанып,Тыныс алып тұрасың (ауа - воздух)3. Ең қымбат адам (ана - мать)4. Қалқиып екі құлағыЕлеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц)Алтыншы кезең: Топ басшылар сайысы1 - топ Метаграммалар1. Ж - дан басталса жыл мезгіліҚ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз)2. Егер т - дан бастасаң –Биіктердің биігі.Егер д - бастасаң.Қиындардың қиыны.Екеуің де алып тастасаң.Балықшының бұйымы./тау, дау, ау/2 - топ:
1.Г - дан баста, мен кілең.Ажарымын өмірдің.К - ден баста, мен ендіҚалдығымен көмірдің./гүл, күл/2. К - ден егер бастасаң –Шомыласың суынаШ - дан егер бастасаң –Жазда аунайсың құмына./көл, шөл/3 - топ:
1. Егер б - дан бастасаң,Түтіндей боп көшемін.Егер н - дан бастасаң,Жап - жасыл боп өсемін.Жеке өзімді тастасаң –Ішкен жанға кеселмін./бу. ну, у/2. К - дан бастасаңМаған қарап сабақ айтады.П - дан бастасамМаған балалар жүгін артады (карта - парта)
Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл мықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.