?ызы?ты ?аза? тілі ?лемі сайыс


Жаханова Алия Тулеутаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақмола облысы Ерейментау ауданы
Ақсуат орта мектебі
Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі»
(Интеллектуалды сайыс)Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой -өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
І топтың аты- «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы- аттың суреті.
ІІ топтың аты- «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі-домбыра», таңбасы- домбыра суреті.
І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут
ішінде тез жауап беруі тиіс.)
І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1 топ1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?2. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар нешеу?3. Қатаң дауыссыз дыбыстар нешеу?4.П – дауыссыз, ұяң. Дұрыс па? 5. мағыналары қарама қарсы сөздер, қандай сөздер?6. – нікі, - дікі, - тікі - қандай форманың жұрнақтары?7. Заттың түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөз табын атаңдар.8. -мын, -мін,-пын,- пін, -бын, -бін - қандай жалғауға жатады, нешінші жаққа?9. Бар - қандай буын?10. Мынау, мына, сол, анау, ол, осы, әне, міне - - есімдіктің қандай түрі? 11. Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі қалай аталады?12. Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол қалай аталады?13 . Әліпбидегі 2-шы дыбыс қандай дыбыс? 14. Не істеді? Не қылды? Қайтты? Қай сөз табының сұрақтары?15. мен,- бен, -пен – қай септіктің жалғаулары?16. Қазақ тілінде неше жалғау бар?17. Оқушысыңдар сөзіне қандай жалғау жалғанған?18. Иелік форманың жұрнақтарын ата?
ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
Үндестік заңы неше?
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар нешеу?
Үнді дауыссыз дыбыстар нешеу?
Р – дауыссыз, ұяң. Дұрыс па?
5. Тыныс белгісін не зерттейді?
6. Фонетика нені зерттейді?
7. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не?
8. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
9. Дауыстылардың саны қанша?
10. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс?
11. Сөз таптары нешеу?
12. Септік жалғауы нешеу?
13. Қазақ тілінде буын түрлері қандай?
14. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата.
15. Мағыналары бірдей сөздер, қандай сөздер?
16. –сы,- сі, - ы,- і - қандай жалғауға жатады, нешінші жаққа?
17.Қандай?қай? Қай сөз табының сұрақтары?
18. Өз, өзім, өзің, өзі - есімдіктің қандай түрі?
І турдың қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Полиглот”(Тиісті сөзді қойып, орыс, ағылшын тілде айту.)
1. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман)
... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау)
. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл)
5 . ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы)
6 . ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау)
7. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз)
ІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІІІ тур «Көрерменнен көрімдік»
(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді
алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат Киіз үй
Той Жұлдыз
Сандық Телефон
Қалам Кітап
Жол Көгершін
Сәби Балмұздақ
Ту Боран
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.
IV тур “Жекпе жек”
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
IV турдың қорытындысын тыңдау.
4 тур бойынша қорытынды жасап, жеңімпаз тобын анықтау.
Марапаттау рәсімін өткізу.