?ызы?ты ?аза? тілі ?лемі (танымды? сайыс саба?) (10 — сынып)


Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру. 2.Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін білуге шақыру; 3. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп,сөздік қорын молайту. Әдісі: сайыс сабақКөрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.Қызықты қазақ тілі әлемі (танымдық сайыс сабақ) І.Ұйымдастыру кезеңі.1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.2) Әділқазылар алқасын сайлау.3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысуІ топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті. . Мұғалім: Тіл– адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.  Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. Ана тілім –тірлігімнің тірегі, Тілмен ғана кірер адам реңі. Тілсіз қоғам –өлі ,мынау дүние Түсініксіз тылсымменен бір еді. Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем! Тілім барда ғана мынау ғаламның Кілтін табар саналысы сезінем,- деп, Т.Әбдірахманова жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық. Құрметті оқушылар, енді сайыс-сабағымызды бастайық. Сайыс кешіне қатысушы 2 топ өздерін таныстырып өтеді.  Сабақтың мазмұны: “Бәйге”“Тапқырлар” аялдамасы «Алты жұмбақ» «Мақал-сөздің атасы» «Ойлан тап». Суретке қарап мәтін құрастыру Қорытынды. І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)7. Неше септік жалғауы бар? (7)8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар1.Екпін түрі нешеу? (4)2.Үндестік заңы нешеу? (2)3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)14.Дауыстылардың саны қанша? (12)15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)17.Қосымша нешеу? (екеу)18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)І турдың қорытындысын тыңдау.“Бәйге” 7891012131415171819201234511166"Тапқырлар" аялдамасы 1.“бірақ, дегенмен,сонда да, сөйтсе де,әйтсе де, алайда, сөйткенмен” жалғаулықтарымен салалас қ.с. қай түрі жасалады2.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары3.Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары5. және, әрі, да, де, та, те жалғаулықтарымен салалас қ.с. қай түрі жасалады6. Одағайдың тыныс белгілері7.Сын есімнің сұрағы 8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері9. Жуан дауысты дыбыстар10. “Мереке” сөзінің синонимі11. Қосымшаның түрлері12. Үндестік заңына бағынбайтын септік13. Буын түрлері 14. Реттік сан есімнің жұрнақтары15. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді?16. Етістіктің неше шағы бар?17. Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады?18. Бастауышы жоқ сөйлем19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері20. Шығыс септігінің сұрақтары ІІ.«Алты жұмбақ» (Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.) І.Топ “Тұлпар” тобына “1-сұрақ:-Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)2-cұрақ:Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).3-сұрақ: Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайланды.Қырық түйе қазына ,Қырық құл мен қырық күң,Қосып берді қызына.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру. ІІ.Топ “Домбыра ” тобына “1-сұрақ:Балаға таңсық болып жүрген байғұс,Үйіне алып келіп қылды тойды.Туғандай тумаса да қылайын деп,Кім деп ол баланың несін қойды?(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.2-cұрақ:Көтібар қызды қосты ӘлібеккеАтақты өзі батыр асыл текке.Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,Арттырды елу нарды әділетке.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.3-сұрақ: Балталы , Бағаналы ел, аман бол!Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу. 1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)2.Инемен құдық қазуға бола ма?(Білім инемен құдық қазғандай)3.Аппақ қарға бола ма?(Қарға баласын аппағым дейді)4.Ең тәтті не?(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)5.Қар жана ма?(Қалауын тапса,қар жанады)6.Оттан да  не ыстық?(Отан оттан да ыстық)7.Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді)8. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?(Іші толы бөшкеге) 9.Кім барлық тілде сөйлей алады?(Жаңғырық) 10. Жұмсақ кірпі бола ма?1.Кімнен кім жаман?(Олақтан салақ жаман)2.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(Шашу оңай,жинау қиын)3.Білгенің қанша,білмегенің қанша?(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)4.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ,қол батыр)5.Отқа түсіп күймеуге бола ма?(Отан үшін отқа түс күймейсің)6.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)7.Ер қаруы неше?(Ер қаруы бес қару)8.Етікті қонышынан басуға бола ма?(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)9.Түкіріктен көл құрала ма?(Көп түкірсе көл) 10.Дүние жүзінде ең көп айтылатын сөз? (ок) І.Топ “Тұлпар” тобына ІІ.Топ “Домбыра ” тобына ІІІ.«Мақал-сөздің атасы» (Қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап берулеңіз керек) V.Суретке қарап мәтін құрастыру Күз мезгіліҚыс мезгілі ҚорытындылауЖеңіп шыққан топты марапаттау Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданыШаған жалпы орта білім беретін мектебі Қызықты қазақ тілі әлемі (танымдық сайыс сабақ 10- сынып)Пән мұғалімі: Ханов Ш.У2014-2015 оқу жылы