Квадрат те?деулер шешуді? ?р т?рлі т?сілдері (8 сынып)


Квадрат теңдеулер шешудің әр түрлі тәсілдері
8 сынып. Алгебра.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты:
Виет теоремасын , квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын пайдаланып квадрат теңдеуді шешу , қысқаша көбейту теңбе-теңдіктерін пайдаланып рационал теңдеулер шешу және теңдеу құру тақырыбынан алған білімдерін жүйелеу , логикалық есептер шығару .
ә) Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін , ойлау қабілетін дамыту , іздендіруді жүзеге асыру
б) Тәрбиелік мақсаты:
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толуымен сабақты байланыстыра отырып, еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру, Отанды сүюге, ана-тілін сүюге тәрбиелеу, еңбекке , тапқырлыққа , шапшаңдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі :
1. квадрат теңдеу тақырыбына байланысты формулалар .
2. Деңгейлік тапсырмалар.
3.Лото ойыны (сурет сыртында 1991х2 -2011х+20=0 деп көрнекі етіп жазылады).
4. Магнитофон.
Сабақтың әдісі:
1. Сұрақ-жауап
2. Кітаппен жұмыс
3. Проблемалық ситуация
4. Саралап деңгейлеп оқыту
5.Дарынмен жұмыс
Пәнаралық байланыс: тарихпен, әдебиетпен, өмірмен.
Сабақтың барысы:
Сабақ мынадай сатылардан өтеді.
1.Өзектену (қызықтыру, ынталандыру, назарын аудару)
2. Қабылдау, еске алу (үй тапсырмасын сұрау)
3.Ұғыну
4.Қолдану, пайдалану (бекіту, қорыту, бағалау)
5. Игеру (үйге тапсырма беру)
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. І тірек сұрақтары
Квадрат теңдеудің анықтамасы.
______________________________________________________
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы.
___________________________________________________
Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?
____________________________________________________
Виет теоремасы
_________________________________________________
Толымсыз квадрат теңдеу деген не?
___________________________________________________
ІІ а) х1=2 х2=4 түбірлері болса, квадрат теңдеу құр.
Жауабы: х2-6х+8=0
ә) х2-8х+8=0 теңдеуінің түбірлерін іріктеп алу тәсілімен тап.
Жауабы: х1=10 х2=-2
б) х2-8х-20=0 теңдеуінің түбірлерінің көбейтіндісін және қосындысын тап.
Жауабы: х1·х2=-20
х1+х2=8
ІІІ. Лото ойыны
Үш топқа тапсырма беріледі.
Әр тапсырманың жауаптарының сыртында 1991х2-2011х+20=0 деп жазулы тұрады.
х2+5х=0
х(х+5)=0
х=0 немесе х=-5 4х2-64=0
4х2=64
х2=16
х=±4 5х2-11х+2=0
D=81

х2-6х=0
х(х-6)=0
х=0 немесе х=6 4х2+64=0
4х2=-64
х=Ø 3х2-8х+5=0
D=4

3х2-18х=0
3х(х-6)=0
х=0 немесе х=6 5х2+125=0
5х2=-125
х=Ø 4х2+4х+1=0
D=0

Осы есептердің жауаптары
1991х2 -2001х +20

Осы теңдеуді шешу тапсырылады.
1991х2-2011х+20=0