Зат есім, сын есім,сан есім. Презентация


Зат есім,сын есім,сан есімнің сөйлемдегі қызметі 7-сынып Сан есім атау септігінде тұрып,бастауыш болады. Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді. Заттанған сын есім,бастауыш болады. Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік. Атау септігінде тұрып,бастауыш болады. Таулардан өзен ағар,сарқыраған. Сан есім жіктеліп келіп н/е көмекші етістіктермен тіркесіп келіп сөйлемнің баяндауышы болады.Атадан-алтау,анадан-төртеу. Сын есім жіктік тұлғада тұрып,сөйлемнің баяндауышы болады.Әлсіз адам сүріншек. Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы болады.Ақ басты Алатаудың Жамбылымын. Сан есім Сын есім Зат есім Сан есім заттың санын,мөлшерін,ретін білдіреді,сол себепті сөйлемде анықтауыш болады.Сан есім ілік септігінде тұрып та анықтауыш болады.Екі достың бірі ыңғайлы,біреуінің ебі жоқ. Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады.Сын есім ілік септігінде тұрып,анықтауыш болады. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын. Зат есім ілік септікте н/е түбір тұлғада тұрып,анықтауыш болады.Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. Сан есім т.с. ж/е б.с,ж.с,ш.с,к.септіктерде тұрып,толықтауышболады.Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар. Сын есім т.с. ж/е б.с,ж.с,ш.с,к.септіктерде тұрып заттанып,толықтауышболады.Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. Зат есім т.с. ж/е б.с,ж.с,ш.с,к.септіктерде тұрып,толықтауышболады. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан. Сан есімдер септік тұлғасында да,септелмей де етістіктің алдында келіп,пысықтауыш болады.М:Біз екі-екіден бөліндік. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл,іс-әрекеттің сынын білдіріп,қалай? деген сұраққа жауап беріп,пысықтауыш болады.М:Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан. Зат есім б.с,ж.с,ш.с,к.септіктерінде тұрып н/е түбір тұғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп,пысықтауыш та болады.М:Көкке қарай қанат қағып,Аққу кетті бұлдырап.