Тіл — халы? ?азынасы (т?рбие са?аты)


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі» ММ

(Тәрбие сағаты)
Өткізген: Оразмагамбетова А.Ж
Қостанай, 2015 жыл
Тілашар Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу.Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал – мәтелдер.Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім:- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын! Бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасадыӘн менен күй көңіл шіркін тасады,
Той деп келген қонақтарға мың рахметБекасыл: Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 23 жыл толу қарсаңында.
Даяна: Шашу шашты әжелер!
                 Сылдырлатып теңгелер,
                 Тойымыздың шашуын,
                 Сәт сапарға теңгерер.
Азат: Мектеп үлкен бағдаршам
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуін де аңғарсақ ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
У.Дильназ: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Мақсат: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр,
Асыққанн қыркүйегім
Қоңырауын соғып тұр.
Жансулу: Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе
Нақ бастауы білімнің
Қырық екі әріпте
Наурызбай: Ұқсатпа мені басқаға,
                 Есейдім, жеті жастамын.
                 Қош айтысып бақшаға,
                 Мектепке жолды бастадым.

Ән: «Қошақаным»
Орындайтын:
Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.- Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?Қазақ тілінде.
Тамирис: Талаптың мініп алып пырағына,Білімнің май тамызып шырағына.Алдымнан ақыл сарай есік ашыпЖету мақсат - іздеген мұратыма
Ерсайын:Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстапШығарар абыроймен Отан даңқын.
Дамир:Қуантуға елімді,Қуантуға жерімді,Білім жиып өсемін.Төгіп адал терімді.Мен мектепке барамын.
Алмаз: . Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолыңа,
Енді қайық саламыз.
Асхат: Күнде бестік алсаң сен,Онда басқа жоқ арман.Ал оқымай барсаң сен,Бір тал шашы ағарған.
Кім тапқыр». Жұмбақ шешу.1. Иесі оның сәби,Әрі төсек,Әрі үй. (бесік)2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,Мінсең қанат, сүті дәріЕті тамақ. (жылқы)3. Төрт аяғы, арқасы бар,Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)4. Жесең ащы,Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)5. Бала біткен соғадыЖеңіл шарды домалақ.Ұрсаң, ұшып жоғарыЖерге түсер домалап. (доп)6. Ұрлап ішіп,Үйде сүтті қоймайды,Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)7. Аласа ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Үнді биі: Курганбекова Аружан
«Сөздерді тап» ойыны:
Амирхан: .Мектеп - білім ордасы,
Мектеп – қамқор анашым
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін.
Мен оқушы боламын.
Елхан: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Эмир:Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы.
Оқк қызық, болғаны
Мұғалімнің арқсы.
Н.Дильназ: Алты жасқа біздей толған баланы,Мектеп ана құшағына алады.Ата-ана қуаныңыз шаттанып,Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
Камила: . Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,Тынысы мен тіршілігі ғаламат.Бала шақтан болашаққа ұмтылған,Түлеп ұшты талай-талай азамат.
Ойын:а
Бир балат сөз
Аружан: Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.Тізгінді басқаларға бермес тегін.Бәсекеге түсетін саналы ұрпақКиелі жер Иесі - сенгін Елім!
Жансая: Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,Әрі биік, сабырлы, терең елміз.Адалдықтың ақ туын желбіретіп,Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз
Фелис: Мектеп деген білім кені, жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға,1Мектеп деген даналардың мекені
Диас: Мектебіңді құрметте,Бесік болып тербеткен.Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен
Хор: Салем саған мектебім

.