Математика — а?ыл ойды? ?уені


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен 5 сынып оқушылары!
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан, -дей келе бүгінгі «Математика ақыл-ойдың әуені» атты математикалық кешімізді ашық деп жариялаймыз.
- Сонымен бүгінгі сайысымызда 5 сынып оқушылары жарысқа түсіп, бақтарын сынамақ. Ендеше 3топқа бөлініп, жарыста өз білімдерін ортаға салсын:
- Әр топтың басшылары өздерін таныстырады:
- Бүгінгі сайысымыздың кезеңдері-мен таныс болайық:
1) Зымыран сұрақтар
2) Тіл-өнер
3) Интелектуалды казино
4) Блиц-турнир
Сайысымызды бастамас бұрын төрелігін айтар әділ қазы алқаларымен таныс болайық. Олар:



Қатысушылар дайынсыздар ма? Әр команда қатысушыларына сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық!
Зымыран сұрақтар : Ойын шарты: Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
I- топ үшін:
Емен ағашы басында 6 бұтақ бар, әр бұтақта 5 алма бар. Емен ағашында барлығы неше алма бар?
Бір кішкене қыз атасынан “сіз нешедесіз?”деп сұрады. Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6 алса, сонда 6 шығады депті. Атасы неше жаста?
Ең үлкен үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды кеміт.
Бақтиярдың 4 ұлы және олардың әр қайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Түнгі сағат 10да жауын жауып тұрса, 24 сағ кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
II- топ үшін:
Болат сенбі күні кешкі сағат 9да ұйқыға жатты, ол сағат қоңырауын келесі күнгі 10ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?
5 жұмыртқа 4 минут піседі, ал 10 жұмыртқа неше минут піседі?
Екі аяғымен тұрғандағы адам салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрса неше килограмм?
Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды?
Бір кемпірге ұрылар түскелі жатырғанын байқаған
кемпір: Сапырып – сапырып Сарманға бер,
құйып – құйып Құрманға бер, есіктегі екеуге бер,
төрдегі төртеуге бер, өзің іште маған бер,- депті.
Сонда ұрылар бұл үйдегілер бізден 2 есе көп екен депті.
Ұрылар нешеу?
IІІ- топ үшін:
Екі адам екі сағат шахмат ойнады, Әрқайсысы неше сағат ойнады?
Бөлмеде төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Сен қазір 7 жастасың, әкең мен анаң 40 жаста. Сен 9 жасқа толғанда олар неше жаста болады?
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір бірден бөліп алды. Дорба ішінде 1асық қалып қалды. Бұл қалай?
Егер тіктөртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастасақ, не қалады?
Тіл-өнер: Ойын шарты: қойылған жұмбақтарға жауап беріп, оны орыс және ағылшын тілдерінде айту. Толық ұпай саны -3.
Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? Жауабы: сегіз, восемь, eight .
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. Жауабы: қарандаш, карандаш, pencil.
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. Жауабы: Сызғыш , линейка, ruler.
Өзі арық,
Сөзі әріп. Жауабы: қалам, ручка, pencil .
Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды. Жауабы: сағат, часы , Clock .
Білімнің жолбасшысы, Шәкірттің қолбасшысы. Жауабы: мұғалім, учитель, teacher.
Интеллектуалды казино .
20 30 40
20 30 40
20 30 40
Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең?
Қандай цифрлардың көбейтіндісі де,қосындысы да 6-ға тең.
Жарты алманың жартысы неге тең?
Ең кіші жай сан?
Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап?
62 -6 неге тең?
“Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика”. Кімнің сөзі?
Асқар Жанардан кіші, бірақ Дамирден үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы?
Қалтам қанша? Өзімде бар сан қалта, Шалбарда екі жан қалта, Арт жағында қос қалта, Жейдеде екі төс қалта, Пиджакта екі іш қалта, Бір төс қалта және бар, Сонда есепте, кәне, ал, Менің қанша қалтам бар? Тағы айтпақшы, пальтом бар Онда да төрт қалтам бар.
Блиц турнир:
Ойын шарты: Сәйкес сұрақтарға командалар реті бойынша жауап береміз. Егер жауап болмаса, басқа командаларға жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Марат Қанаттан күшті кім әлсіз? Жауабы: Қанат әлсіз
24 сағатта қанша тәулік болады? Жауабы: 1 тәулік болады
Теңізде қандай тастар табылмайды? Жауабы: Құрғақ
Бос ыдыста неше жаңғақ бар? Жауабы: бос ыдыста жаңғақ болмайды
Бір үлкен бір кіші туыстас бес кісі? Жауабы: саусақ
Сенбіден кейін 3 күннен соң аптаның нешінші күні болады? Жауабы: сәрсенбі
Ағаш басында 3 балық отыр еді. Оларға тағы 5 балық ұшып келді. Барлығы неше балық қалды? Жауабы: балық ағаш басында отырмайды
Қазір таңғы он жарым.Бұл неше сағат,неше минут деген сөз? Жауабы: 10 cағат 30 минут
Теңізде кеме жүзіп келе жатыр жағада екі кісі: бірі төменді бірі жоғарыда тұр. Өшіп сөніп келе жатқан жарықты қайсысы бірінші көреді? Жауабы: ешқайсысы
31 ақпан қандай мейрам? Жауабы: 31 ақпан жоқ
Осымен сайыс кезеңдері өз мәресіне де ете келді. Әділқазы алқаларымыз өз шешімдерін шығарғанша көрермендер арасында «Жәрмеңке» атты ойын ұйымдастырғым келіп тұр.
Қаламсап: Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
Қаламсап: Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Дәптер: Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Дәптер: Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Сызғыш: Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Сызғыш: Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Қарындаш: Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Қарындаш: Егер Т-дан бастасаң санмын,
Т-ны алып тастасаң жаумын.
Циркуль: Асан мен Үсен шахмат ойнады. Асан 2 рет ұтты. Үсен 2 рет ұтылды. 1 рет тең болды. Олар барлығы неше рет ойын ойнады?
Циркуль: Пойыздың вагондар саны 7. Ортадағы вагон номірі қандай?
Калькулятор: Санның үштен бір бөлігі 25 тең. Бұл қай сан?
Сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.
Сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысушыларымыздың барлығына көп көп рахмет айтамыз. Математика сарайында жолыққанша аман-есен болайық!