Т?рбие са?атына слайд Т?ртіпке ба?ын?ан ??л болмайды


Бауыржан Момышұлы(1910-1982)Тәртіпке бағынған құл болмайды Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн дейді. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен, тәртіппен және талаппен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Оқушыларға сауалТәрбие туралы мағлұматты көбінесе ата-аналарыңнан естисіңдер ме? Әлде мұғалім мен достарыңнан ба?Неге тәртіп бұзушылық көбінесе жасөспірімдер арасында болуда?Тәртіпке бағынбайтын құл болмайды дегенді калай түсінесіңдер? Отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталады.Ендеше, егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді жігіттер мен қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн. Тамашалағандарыңызға рақмет