Балаларды? ?са? ?ол моторикасын дамыу


Тақырыбы: ӨзектілігіБалалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Өкішішке орай, практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Моторика деген не? Бала дамуына қандай әсер тигізеді? Ата-аналарға балаларын мектепке дұрыс дайындап, жан-жақты дамуына қандай көмек көрсетуге болады? Аталған сұрақтардың жауабын табу осы тақырыппен жұмыс жасауға, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып мәселені шешуге мені жетелеп әкелді.  Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту Тілдік функциясының дамуына көмектесу Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру Құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалдық жайлы жағдай жасау Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата-аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау. Міндеттері: Саусақ ойындары Қолдың бұлшық еттеріне арналған массажСергіту жаттығулары Саусақ театры Дәстүрден тыс бейнелеу әрекеті: Дәстүрден тыс сурет салу (мөрлермен, саусақпен, алақанмен, мақта таяқшалармен, істіктермен, паролонмен, дымқыл қағазға, мыжылған қағазға сурет салу) Мүсіндеу қызметі ( табиғи материалдарды қолданып, ермексазбен, тұзды қамырмен мүсіндеу) Құрастыру (дәстүрден тыс материалдармен жұмыс істеу, лего конструкторымен жұмыс) Әр түрлі аппликацияның түрлері (жырту тәсілі, умаждау) Айналдырып сызу, штрихтау, бояу Дидактикалық ойындар М. Монтессори баулықтары : ұсақ заттармен, ойыншықтармен ойындар Пазлы, мозайка т.б Әдіс - тәсілдер Кеңестер беру: «Тіл мүкістіктері бар балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған тіл дамыту құралы» «Саусақпен ойнаймыз – тілді дамытамыз». Семинар- практикум: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту»  Ата-аналармен жұмыс  «Саусақпен мұрын амандасады»«Теңгелерді қорапқа жина» «Саусақпен дөңгелектер суретте»«Амандасайық» Өз тәжірибемде қолданылатын балаларды диагностикалауға арналған тапсырмалар 3-4 жас доппен (жерге соғып қолмен ұстап алу, жоғары лақтырып ұстап алу, бір қолмен жүргізу) қарындашпен (заттарды айналдырып сызу, штрихтау)саусақтарға арналған жаттығулар (шанышқы, әтеш, қоян, жалау) 4-5 жастағы балаларға арналған жаттығулар ІІ- сәбилер «Құлыншақ» тобының ұсақ қол моторикасының даму деңгейі 2015-2016 оқу жылы«Әр түрлі іс-әрекеттер, ойындар арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» деген тақырыбы бойынша «Әдістемелік бірлестікке» қатысып,баяндама оқып, көрме ұйымдастырдым.Жұмыс істейтін екінші сәбилер тобында мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған орта жасалды. Дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды. 2016-2017 оқу жылыАшық сабақ «Күзгі орманға саяхат»• 4-5 жастағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;• Тақпақтарды, саусақ ойындарын тәрбиешінің артынан қайталап айтып, есте сақтауды үйретуді жалғастыру. 4-5 жастағы балалардың белсенді сөйлеуін дамыту. Тақпақ мазмұнын түсініп эмоционалды қабылдап, мәнерлі сөйлеуін дамыту.• Күз мезгілі, күзгі құбылыстар туралы білімдерін бекіту, ормандағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, «күз» тақырыбына сөздік қорын байыту, зат есімдерге сын есімдерді дұрыс табу.• Қағазбен дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қызығушылықтарын дамыту – қағазды кішкентай кесегіне дейін саусақтарымен үзу, умаждау.• Қазаздан жасалған кішкентай кесектерін желімдегенде ұқыптылық таныту.• Жасап жатқан ісінің процессіне және нәтижесіне қызығушылық арттыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. 2015-2016 оқу жылыАшық сабақ «Күзгі орманға саяхат»• 4-5 жастағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;• Тақпақтарды, саусақ ойындарын тәрбиешінің артынан қайталап айтып, есте сақтауды үйретуді жалғастыру. 4-5 жастағы балалардың белсенді сөйлеуін дамыту. Тақпақ мазмұнын түсініп эмоционалды қабылдап, мәнерлі сөйлеуін дамыту.• Күз мезгілі, күзгі құбылыстар туралы білімдерін бекіту, ормандағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, «күз» тақырыбына сөздік қорын байыту, зат есімдерге сын есімдерді дұрыс табу.• Қағазбен дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қызығушылықтарын дамыту – қағазды кішкентай кесегіне дейін саусақтарымен үзу, умаждау.• Қазаздан жасалған кішкентай кесектерін желімдегенде ұқыптылық таныту.• Жасап жатқан ісінің процессіне және нәтижесіне қызығушылық арттыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. 2015-2016 оқу жылы Топта мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жағдай жасалды, дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды Саусақ ойыныҰрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық .Бұл саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалр екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған сабақтарда, серуенде режимдық кезеңдерде, ояну кезінде пайдаланамын Дәстүрден тыс сурет салуБерілген техника бүлдіршіндердің әрекетіне белгілі жаңалық еңгізумен бірге қалаған нәтижеге тез жетуіне мүмкіндік береді, балалардың қызығушылығын оятады. 2015-2016 оқу жылы негізгі ұйымдастырылған оқу іс-қызметіне қосымша «Сиқырлы саусақтар» үйірме жұмысы жоспарланып өткізілді. 2015-2016 оқу жылына негізгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қосымша «Сиқырлы қылқалам» үйірме жұмысы жоспарланып өткізіліп жатыр .Бұл вариативтік сабақ бағдарламасы балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Күннің екінші жартысында қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жоспарланып өткізіледі ҚорытындыСаусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін. Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын