Ашы? саба?: О?ы да біл, ойна да к?л! (сауат ашу, математика-даярлы? топ)


lefttopАхметова Сұлушаш Заркешқызы
Павлодар облысы Ақсу қаласы
« № 2 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын
орталығымен» мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі


Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Сауат ашу ,математика
Топ: даярлық
Сабақтың тақырыбы :Оқы да біл,ойна да құл.
2016 жыл 27 сәуір
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Таным.Қатынас
Тақырыбы:«Оқы да біл,ойна да құл» . 
Мақсаты:  • Көңіл – күйді бағалау;  • Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту.Балалар тапсырмаларға мұқият қарап,зер сала білуге үйрету.Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: карточкалар ,қаламдар.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Іздену-ұйымдастырушы Өткенді қайталау.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
-Қандай айлардан тұрады ?
-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
Жұмбақ:
Күлімдеп өзі тұрады,
Шуақтарын шашады.
Жауабын кім табады?

-Жарайсыздар балалар, жұмбақтың жауабын таптыңыздар.Аспанға қарайықшы күнді көріп тұрмызба?Бұлттар күнді жауып бізге қарай жібермей тұр.Күніміз бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой.Жарық,жылу,беретін күнімізге көмектесеміз бе?Не істесек болады?Мен бір сиқырлы сөзді білетін едім қане сол сөзді бірге айтайықшы.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда жарқырап,
Жерге ұдайы нұр құйсын
Тәрбиеші: Көмектесті ме ?
- Балалар сендерге күн шуағын шашқысы келеді.Ол үшін сендерге оны жауып тұрған бұлттарды куып жіберу керек. Сендер көмектесесіндер ме? Ол үшін әр бұлттардың тапсырмасын орындаумыз керек .Ол үшін күнге арнап кім өлеңдерді біледі екен айтып беріндерші.
№ 1 тапсырма математикадан есептер шығару
6-5= 7-6= 5+3= 4+2=
8-6= 5+2= 8+1= 10-8=
№ 2 тапсырма логикалық сұрақтар
1.Жұдырықта неше саусақ?
2.Анасының мысығы,иті,қызы бар.Анасында неше бала бар?
3.Дүкеннен анам 4 бұрышты 2 доп алып келді.Оның біреуін ініме берді.Менде неше доп қалды?
Сергіту сәті
№ 3 тапсырма сөздерді құрастырып оқып шығу.Осы сөзден сөйлем құрастыру және талдау.

К Е Л М Ж А Ғ Қ С Ы Н Ш Ң Т Б


№ 4 тапсырма Ойын «Кім жылдам»
Қазір балалар раманың жоғарыдағы оң жақ бұрышына қызыл шеңбер саласындар.Төмендегі сол жақ бұрышына жасыл төртбұрыш салындар.Төртбұрыштын жоғары сары үшбұрыш салындар.Шеңберден төмен көк тіктөртбұрыш орналастыр.Қағаздың ортасына қоңыр түсті сопақша салындар.
№ 5 тапсырма қарсы мәндес сөздерді ата .
Алдында-
Оңға-
Жоғары-
Алыс-
Биік-
-Көктем мезгілі


Бала
Күннің шұғыласы,
Қане жыбырлашы.
Әрі-бері жүгірсін,
Жанары толы бүлдіршін.
Бізді енді күлдірсін,
Күлімде күн күлімде ,
Төбеміздің төрінде.
Бала
Еліме қарашы,
Жеріме қарашы.
Күн шығып шығыстан.
Сәулесін шашады.
Кеш болса күніміз,
Батысқа батады.
Бала
Көк аспанда
Сары күн,
Жанары мөлдір мәңгі күн.
Аспанменен, желмененен,
Найзағаймен жаңбырмен
Қатар бірге жүреді,
Бізге мәңгі күледі.
Бала
Мен сүйемін күнімді,
Болсын бізге мейірімді,
Болсын бізге шуақты
Айналаны жарық қып.
Бізді ылғи қуантты,
Жадыра, Күн, жадыра!
Балалар есептерді шығарады.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар сөздерді құрастырып, оқиды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Қарсы мәндес сөздерді табады.
Рефлексті коррекциялаушы Сабақты қорытындылау.
-Біз күнге көмектестікпе?
-Қай сабақтардан болды тапсырмалар ?
Барлық балалар өте жақсы қатысты. -Біз күнге көмектестік.
Балалардың қуанышы.