№9 орта мектеп жанында?ы ша?ын орталы? т?рбиешісі: С?ленова А?тол?ын Алтын к?з


«Алтын күз !»
(Ән таспасы ойнап тұрады . Балалар залға көңілді әуенмен кіреді)
Тәрбиеші;
Келді міне Алтын күз
Сары шашты жарқын күз
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз
Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар.Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді .Күзді құрметтеп қошеметпен қарсы алайық .Бүгінгі «Ғажайып күз кереметі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Ән; «Күз жомарт» ( Хормен)
Жүргізуші ; келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік .Ортаға; Арсен , Бекжан.Жайдар, Медина,Камалды шақырайық
Арсен ;
Күзім-ау күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Бекжан ; Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Жайдар ; Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Әй жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Медина ; Алтын, сары, өызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Камал ; Мейірлі күз,мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Жүргізуші ;
Өрік, шие, алма ,алша
Жидек, жүзім піседі
Қауын ,қарбыз ,қияр
Сәбіз қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
Балалар ; Күз мезгілінде болады
Жүргізуші; Дұрыс айтасыңдар.Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
Жүргізуші;Ендеше балалар ортаға күз ханзадасы мен ханшайымын щақырайық
(Әуен ырғағымен ішке алтын киімін киген түрлі –түсті Жапырақтар таққан хан мен ханзада кіреді)
Күз ханзадасы; Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жайдарлы күз ,жарқын күз
Аяулы күз ,алтын күз – мына мен боламын!
Қымбатты ата-аналар балалар күз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші; Қош келдің алтын күз аруы .Өзіңмен бірг береке,байлық, молшылық,тоқшылық ала келдіңіз.Оған біз өте қуаныштымыз.Төрлетіңіз,балалардың дайындаған сый қошеметін қабыл алыңыз
Ән ; «Балапан»Балдырған тобы
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлерің бар
Жүргізуші ;. Ортаға ; Айкөркем, Асылай, Ибрахим ,Айшат, Ақнұр, Айсана өз тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Айкөркем ; Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапыр Ақмерей; Үйрек үйрек қаздарды
Шулайды көл жағасы
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады
Иманғали; Ұшты талдан жапырақ
Сары көйлек секілді
Аспанда жәй шатырлап
Тамшы жерде секірді
Мадина; Дала сары секілді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық ,алтын дән
Әсемгүл, О, алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып –ап
Жансая Алма пісіп ,алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды
Жүргізуші ;Көрдіңіз бе күз ханшайымы қандай өнерлі біздің балалар.Бізге кішкене топ өздерініңби,тақпақтарымен қонаққа келди ,ендеше кіші топты қарсыалайық .Бізге Жапырықтар биін билеп бермекші,
Би ; «Жапырықтар» ( Айзере,Айша,Дариға,Гулназым,Ақнұр )
Жүргізуші ;Күз ханшайымы сіздің бізге әкелген қандай сыйыңыз бар?
Күз ханшайымы ; Балалар сендер өте тамаша билейді екенсідер . Мен сендерге сыйлыққа ойын әкелдім . қәнекей бәріміз бірге ойнайықшы.
Ойын «КІМ ТЕЗ ЖАПЫРАҚТАРДЫ ЖИНАЙДЫ» ол күздің белгісі Қәне балалар кім ортаға шыққысы келеді
Күз ханшайымы ;Жарайсыңдар балалар тағы қандай өнерлерің бар
Ән ; « Болайықшы осындай » хор
Күз ; Қандай өнерлі балалар ! Рахмет сіздерге! Рұқсат етсеңіздер ендігі кезекті менің дақылдарыма берсек . Олардың да сіздерге арналған сыйы бар.
Ғибрат (Бидай ); Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын
Амангүл (тары) Түс жағынан сарымын
Мен атақты тарымын
Еңбегіңнің жемісін
Қайтарамын қарымын
Анаргүл(Арпа) Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты артамын
Машинаға тиеліп
Елге қарай тартамын
Айкөркем(Сұлы) Мен сұлымын шырағым
Барлығына ұнадым
Ауырлаған басымды
Көтере алмай тұрамын
Би ; « саңырауқұлақ »Илхам,Нұрсая,Шыңғыс,Перизат.
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар балалар тағы қандай өнерлерің бар
Жүргізуші ;Балалар ойнап бір тынығып алдық енді Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды жалғастырайық Ортаға;Айымгул,Гулім, , Асфендияр,Бекет,Инаят.
Айымгул ;
Астық жеміс жиналды
Қамбаларға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдым өнім сиымды
Гулім;
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Асфендияр
Алма өрікті қамбаларға
Толтырыпты Алтын Күз
Шәкірт болып парталарға
Отырыпты Алын күз
Бекет Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Инаят Келші , келші алтын күз
Келші ,келші жарқын күз
Мерекені жалғастырып
Ойнап күлші алтын күз
Ән « Мереке » (хормен )
Күз аруы; Ал балалар бәрің шеттеріңнен өнерлі , ақылды сүйкімді екенсіңдер ,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты мен кетейін Сау болып тұрыңдар Келесі кездескенше
Жүргізуші;Балалар күз Ханшайымына рахмет айтайық келесі кездескенше сау болыңыз сау болыңыз күз ханшайымы Құрметті ата-аналар осымен «Алтынкүз кереметі» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет! Балалар Алтын күздің сыйы жемістерден дәм тартаттаын кез келген сияқты мерекені топқа барып жалғастырайық.

№9орта мектеп
«Алтын күз»
«Балдырған» тобы
Тәрбиеші:ТажигуловаН.С
2015-2016ж