5 сынып?а ?абылдау р?сімі


Қостанай обылысы Қарасу ауданы Октябрь орта мектебі
Октябрь орта мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Тулебаев Ербол Жапарович
5 сыныпқа қабылдау рәсіміМақсаты: -оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұжымда жұмыс істеуді дағдыландыру, мектепке деген сезімдерін нығайтуЖүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгін біздің мектепте – үлкен мереке. Кешегі бүлдіршіндер бесінші сыныпқа қабылданғалы отыр.
Ендеше құрмет қошеметпен 5 сынып оқушыларын және сынып жетекшісі ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!!!
(Салтанатты әуен ойналады)
1.Сыныптың алғыр да зерек оқушысы, сыныптың математигі Наурызбеков Райымбек Әзімханұлы
2. Сыныптың топ басшысы білімді оқушы Ахметова Аружан Русланқызы
3. Сыныптың спорт басшысы тәрбиелі оқушысы Қуанышбаев Наурызбай Қуанышбайұлы
Кешіміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің
Береміз.
Қарірменді ұстаздар оқушылар сіздердің құрметтеріңізге бүгінгі кешімізге мерекелік ән шашуымен Нұрғали қызы Нұрайды ортаға шақырайық қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Әлі есіңде мектепке алғаш барғаның
Өз қолыңмен «Әліппені» алғаның
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз сен қарадың.
Сол сәтте оқушыға мейірі мол анадай
Жұбатады жылы сөйлеп аялай
Бастауышта оқытқан ұстаздарға
Рахмет айтып қол соғайық аямай
Жүргізуші: Кеше ғана кішкентай бүлдіршіндер. Бірінші сыныпқа аналары қолдан жетекетеп әкеліп еді, бүгін қараңыздар есейіп, ақыл кірген балалар! Бүгін олар өздерінің тапқырлығымен білімділігін көрсетеді.

сайысымыз «Қызықты сұрақтар» деп аталады. Мұндағы сұрақтар мектеп өміріне байланысты. Әр оқушыға жеке жеке сұрақтар қойылады.
Оқушылар мен мұғалімдердің өміріндегі ең бақытты бірақ қысқа мерзім демалыс
Оқушылардың ақша жұмсайтын орталығы асхана
Сауатсыздарды қабылдайтын мемлекеттік мекеме мектеп
Ақ қалам жазып өтті тақтада із қалды бор
Екі аяқ қосылып шеңбер, доға салады циркуль
Оқушалар өз қолымен күнде әзірлейді, бірақ жемейді сабақ дайындау
Жазда, қыста, лагерде аулада мектепішілік пән жалғасуда ол қандай пән дене тәрбиесі
«Игректың» туысы «икс»
Ең көп сөйлейтін адамның құралы тілі
Сабақтың уақыты қайда өтеді сыныпта
31 ақпан қандай күн ондай күн жоқ
Сабақ арасындағы уақыт аралығы қоңырау
Бұл санда қанша әріп болса, сонша сан бар. Ол қандай сан жүз
Мектептегі ең басты адам директор
Шаршыға не орналасқан? алаң
Жарайсыңдар! Оқушылар
Ендігі кезекті мерекелік құттықтауларымен 6 сынып оқушыларының орындауындағы тамаша биге береміз.
Ал оқушылар бүгін сендер 5 сыныпқа қабылданбас бұрын өз білімдеріңді сынайсындар сондақтан келесі сайысымызға кезек береміз.
Жүргізуші: 2- сайысымыз «Ұшқыр ой» яғни бұл кезеңде логикалық сұрақтарға негізделеді.
Менің ақшама осы ақшаның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (Жауабы 100 теңге)2. Шешесі балаларына 10 шоколады бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. (4 бала - 2 ұл, 2 қыз)3. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?(4 жаста, 8жаста, 12жаста)4. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша? (200 грамм)5. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алма мен өрік 16. Қайсысы қанша? (6 алма, 10 өрік, 9 алмұрт)6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап. (5 жыл (60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))7. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан - барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан? (таутан - 11, теңгебалық - 1, алабұға - 2)8. Назгүл мен Бақыт апалы-сіңлілі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)9. Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны 5 болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады? (Әрқайсысына жарты шелектен)
Ал ендігі кезекті 1 сынып оқушыларының мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: 3сайысымыз «Білімділер»
Бұл сайыста экранда көрсетілген әріптерден сөз құрау.а)ШАҒМРАДАБСөзді сипаттап суреттеу. (Бұл бізге керек, әсіресе мектепке келерде және қайтарда қажет, оған барлық адамдар қарайды)(Бағдаршам)- Бағдаршамның түстері қандай?ә) ІКДЛҮЕНК(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, ол сенің досың)(Күнделік)- Күнделікті қалай ұстау қажет?
б)
ҒҰМ
ІМАЛ
(бұл сөз ақылды да данышпанның кейіпі бар).(Мұғалім)
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Бірнеше тілді білу қандай керемет.
4- сайысымыз «ПОЛИГЛОТ» Берілген сөздерді қазақша –орысша – ағылшынша айту
- Ата-аналар – Родители – parents- Монета – Тиын – a coin- Яблоко – Алма – an apple- Қол – Рука – а hand- Нога – Аяқ – a foot - Голова – Бас –a head
Жүргізуші:Мағжан Жұмабаевтың осі бір қанатты сөзінде “Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн” –деп келесі 5 сайысымыз Ата- анам және мен. Бұл кезеңде әр оқушыға өз ата анасымен жұмыс жасауға белгілі бір тақырып беріледі.
Ата - анамен бала арасындағы қарым – қатынас.
Оқушы мен ата- аналардың мұғалімге деген ойы.
Отбасы және мектеп.
Қадірменді оқушылар сендер білім теңізінде мектеп кемесімен алғашқы қиындықтарды жеңіп келесіңдер. Бірақ сендер нағыз бесінші сынып оқушылар болу үшін, орта буын оқушысының антын беруді ұмыттыңдар!Сендер 5 сынып оқушылары салтанатты түрде достарың мен ұстаздарыңның алдында ант беріңдер!
Ауырмауға!
Сабақты босатпауға!
АНТ ЕТЕМІЗЖазу мен оқуды жақсы меңгеріп«4» пен «5» оқуға
АНТ ЕТЕМІЗЖақсы дос болуғаДостармен араздаспауғаАНТ ЕТЕМІЗ Мектепте жүгірмеуге Тәртіпті оқушы болуға АНТ ЕТЕМІЗ
Енді міне, сендер нағыз орта буын оқушылары болыңдар!
Ендеше осы орта буын оқушылары болғандарыңды растайтын сефикаты табыстау Егеубаева Ләйләгүл Туралеиевнаны ораға шақырамыз.
Ән «Ұстазым» орындайтын Мухашова Аида
Осымен 5 сыныпқа қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет! Қош сау болыңыздар!