Тараз ?аласы, №45 балаба?ша. К?ркем ?дебиет. АЛДАР К?СЕ МЕН БАЙ


Күні: 10.02.2016ж. Тәрбиеші: Еспенбетова Н.С.
Әдіскер:
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Алдаркөсе мен бай.
Мақсаты: Балаларға таныс ертегінің соңын басқаша құрастыруға баулу, дидактикалық ойындарда балалардың логикалық ойлау қабілеттерін және түсіну икемділіктерін дамыту, көңіл-күйді түсінуге, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: тон-шуба.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Қайырымды жүректен
Мейірімді тілекпен
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін. Шаттық шеңберін орындайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме.
-Балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде «Алдаркөсе мен бай» ертегісін өтеміз.
Сендерге Алдаркөсе туралы ертегілер ұнайма?
-Қазір мен сендерге «Алдаркөсе мен бай» ертегісін оқып беремін.
Сақылдаған сары аязда түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдаркөсе шұрық тесік тонмен күн сайын тоңатын. Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, қатты тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандады.
«Жаман ат- жердің соры». Қақаған далада қатып өлмесе жарар еді. Кенеттен алдынан бір атты көрінеді. Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Сол-ақ екен, буы бұрқырап ыстықтап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады. Жолаушы жолығып, аман-саулық сұрады. Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең қағады. Ал Алдаркөсе бөркін бір шекесіне қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамша сөйлейді.
-Сен немене, тоңған жоқсың ба?-дейді бай.
-Тоңсаң, сен тоңған шығарсың. Менің тонымды киген адам үнемі қыз-қыз қайнап жүреді,-дейді Алдаркөсе.
-Мүмкін емес!-дейді бай.
-Немене, көрмей тұрсың ба?!
-Көрмейтін несі бар?Көріп тұрмын: шұрық тесік.
-Мәселе сонда, сол шұрық тесікте.Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді. Ал жылу болса өзімде қалады.
Аңқау байды алдап, шапанын Алдаркөсе киіп кетеді.
Сегіту сәті. -Ұнайды.
Балалар мұқият тыңдайды.

Рефлекциялық-түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін пысықтаймыз.
Балаларды бағалау, мадақтау. Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегіге сай қимыл-қозғалыстарын ойнайды.
Түсінеді: суретке қарап мазмұнын түсінеді.
Қолданады: ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін қолданады.