Урок на тему Ізгілік іздеп келемін


Мектеп № 267 орта мектеп №32 сабақ
Тақырып: Ізгілік іздеп келемін
Құндылық: дұрыс әрекет. Қасиеттер:қамқорлық,қайырымдылық,жақсылық
Мұғалiм:Байдилдаева М Сынып: 8 «А»
Сабақ мақсаты:Оқушыларға ізгілік,,қайырымдылық,,кеңпейілділік, ,қиянат жасамау сияқты рухани адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушыларға бойына рухани адамгершілік құндылықтардың дұрыс дамуына ықпал ету
Оқушыларды ізгілікке,қайырымдылыққа,оймен,сөзбен, және іспен ешкімге қиянат жасамауға, жан-жағындағылардың бәріне сүйіспеншілікпен қарап дұрыс әрекет етуге ықпал ету.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық;
Дәптер;
Күнделік;
Қалам)
Сабақ барысы:
 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
 Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. 5Тережесін еске түсіру
1.Тәртіп+сүйіспеншілік
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Жағымды күйге келу. «Теңізге саяхат »
(Бірнеше оқушылардан алған әсерлері туралы сұрау)
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Қыз құндыз ертегісін оқу
Талқылау сұрақтары:
Ертегіде не айтылған?
Неліктен әулие қарт ізгілік шырағын қызға тапсырды?
Қыз-құндыз әулие қарттың аманатын орындау арқылы адамзат үшін қандай ізгі іс жасады?
Басқаларға жасауға дайын тұратын адамдар өмірде көп кездесе ме?
Өзглердің бақыты үшін өз өмірін қиюға дайын адамның ісін қалай бағалар едің?
Сабақ барысын талдау:
3.Дәйексөз:
Шамаң келсе ізгілік істе,ізгілік пен әділдік өлмейді
С.Сараи
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер
(Дәйексөзді әуелі ұлдарға 2 рет,қыздарға 2 рет айтқызамын)
Оқушыларға хормен оқыту;
Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;
Дәптерге жаздырылады; 4.Әңгiмелеу
Бір жұлдызды құтқару
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз толқындарын құтқармақ болып жатқанын байқайды.Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса,теіз жұлдыздарына толып қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса,өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
Бұл ақмақтық қой!-дейді қызбаланып әлгі адам,-қарашы олар қаншама,жағада мың емес,миллионы жатыр.Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың,сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?Бала жерден келесі теңіз жұлдызын алып,шмалалы ойланып тұрып былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор,әсіресе... мына бір теңіз жұлдызы үшін.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
Әңгімеден не түсіндіңдер?
Бір кісі теңіз жағалап келе жатып не көрді?
Баланың тірлігінің теңіз жұлдызы үшін мәні неде?
Сен осы баланың орнында болсаң не істер едің?
Осы аңыз бойынша қандай қорытынды жасауға болады? 5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.
Ізгілік деген не? Қиянат жасау деген не?
Өз ойымызды жазбаша беріп көрейік. 6.Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)
Атамекен 7.Үй тапсырмасы.
Дәптердегі Ғ.Жандыбаевтың өлең жолын жалғастыр
8.Соңғы тыныштық сәтi.
Сауалнама аяқталмаған тезис
Қиянат жасау ол-
Ізгілік,ол-
Ізгі адам ол-
Қиянат жасамау ол-
Тыныштық... бар жерде,тыныштық... бүкіл әлемде
-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түбіне апарып орналастырайық.