Ашы? о?у-?ызметі та?ырыбы: Тазалы? — таза баланы? досы


Күні: 17.01.17. Білім беру саласы: Қатынас Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тазалық - таза баланың досы» Мақсаты: а) тазалық бұйымдарымен таныстыру; б) сүлгі,сабын сөздерін қатыстырып, 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету,баланы тазалыққа,есте сақтауға,анық сөйлеуге үйрету; в) балаларды таза жүруге үйрету,балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: үлестірмелі суреттер,тазалық заттары:сабын, сүлгі,тарақ,айна,екі қуыршақ,ыдыс суымен,карточки суреттермен. Сөздік жұмыс: сүлгі.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Бала,бала,баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.
- Дені саудың жаны сау.
- Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар?
- Сосын немен сүртінесіңдер?
- Тістеріңді жуасыңдар ма?
- Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?Таза болғыларың келеді ме?
- Дұрыс, таза болуымыз керек, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз.Таза болсақ әдемі боламыз. Тазалық денсаулыққа пайдалы.
- Тазалық заттарға жатады:сабын, тіс щеткасы,тарақ,айна,сүлгі,су.Осының бәрін қолдануымыз керек,күнде.
Сергіту сәті:
Таңертең тұрамын
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалаймын
Шашымды тараймын,
Тап-таза бала боламын. балалар орындарына отырады
сұрақтарға жауап беруге талпынады
сабынмен
сүлгімен
тіс щеткасымен
тарақпен

Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыстар жасайды

Ұйымдастыру-
іздестіру.
- Балалар, қарандаршы бізге қонаққа екі қуыршақ келді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің атым Арсен (ұл қуыршақ айтады), ал менің атым Айнұр (қыз қуыршақ айтады). - Назар аударындаршы балалар, қандай айырмашылығын Арсен мен Айнұрдың арасыңда көріптұрсындар. - Шашы қалай таралған? - Киімі ше, таза ма? - Беті қолы таза ма?(сұрақтарды Арсенды көрсетіп қою, сосын Айнұрды көрсетып) - Дұрыс айтасындар Айнұрдың үсті басы таза емес, қап-қара, беті қолын жумаған, шашыда таралмаған.Ал Арсенның киімі, беті қолы таза,шашыда таралған.Қалай көмектессек екен Айнұрға? - Ендеше біз былай жасайық, Айнұрды жуындырып, киімін ауыстырып берейік.
Ойын: «Қуыршақты жуындрайық» Заттарды шығарып көрсетіп, аттарын балалардан сұрап, Айнұрды жуындырамыз. - Сүлгімен сұртеміз. Карточкамен жұмыс. Алдарында тарелкеде карточкалар жатады: сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, айна. Сұрақтар арқылы: - Бетін немен жуыдық? – Бетін немен сұрттік?- Тісін немен тазаладық?- Шашын немен тарадық? Жауап бергенде суретті карточканы көтереді.
Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, айнаға қараймыз, тісімізді тазалаймыз, сүлгімен бетімізді сүртеміз.
балалар ойнауға қызығушылық танытады.
сүлгі деген сөзге
назар аударамыз
сабын, сүлгі, тарақ, айна, тіс щеткасы
Рефлексивті-
түзетушілік
- Балалар бүгін біз не туралы әңгімеледік? - Балалар сендер тазалық сақтайсыңдар ба? - Қандай сөздермен таныстық? - Сүлгі дегеніміз не? - Сүлгімен біз қай кезде қолданамыз? - Сабынмен қай кезде? - Тарақпен қай кезде? - Айнамен қай кезде? - Қандай ойын ойнадық? - Балалар, сендер бүгінгі сұрақтарға жақсы жауап қайтардыңдар. - Жарайсыңдар, ал енді сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнаса күншуағын көтереміз, ұнамаса бұлтты көтереміз.
тазалық
балалар жауап береді
естеріне түсірелі
алдарында күншуақпен бултың суреті жатады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тазалық заттарын;
Игереді: тазалық туралы түсінікті игереді;
Меңгереді: таза жүруді.
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы


Ашық оқу-қызметі
тақырыбы:
«Тазалық - таза баланың досы»




Өткізген: Какимова Ж.О.



2016-2017 оқу жылы