Ба?ыт г?лін терген к?н ашы? т?рбие са?аты


Сайысқа әзірлеген сөзім дайынОңынан тусыншы деп тілеп айым.Армысыздар, құрметті әріптестер,Бәрімізге сәтті қадам болсын лайым. Оқу ғой апаратын сан ғылымғаМектебім өмір жолым даңғылым да.Аты – жөнім Арайлым Алиқызы,Туған жерім жер жәннаты - Жармышым. Шанкеева Арайлым АлиқызыЖармыш орта мектебініңбастауыш сыныпмұғалімі Қияға қанат қақтым не бір арман,Білім алдым АҚтау қаласынан.Ұстаз болу алдыма мақсат қойып,Оралдым туған елге болып маман. Арайлым жолдасы Мусамен Өмірім жатыр тауып жарасымын,Асудамын тағдырдың жаңа шыңын.Мусадай жолдасым бар ел сыйлаған,Сүйкімді төрт баланың анасымын. Киелі Жармыш орта мектебінің ұстаздар ұжымы Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы Ұжымым бар осындай, мақтанамын,Жырға қосып, ақниет ақтарамын.Ұстаз болып, ұлылыққа үйретіп,Болашаққа күш алып аттанамын. Жас ұстаздарға педагогикалық көмек беру Ізденіс жұмыстары Ұстаздар бар бірлестікте – абыздар,Санаттары – жоғары, ісі – аңыздар.Жаңылсын мен Үміт апай мақтаныш,Өткізді олар талай байқау, жарыстар. Жақсылыққа жаны құмар жастар көп,Ұмтылатын биіктерге, асқар деп.Назарбаев зияткерлік мектебін,Оқып келді ұстаздарым бастап лек. Зиялылар ордасындай ізгілік,Үйрететін жаңа тәсіл, тың білік.Абдуллаева Қалдыгүл бар біздерде,Үйренгенін үйрететін бір жүріп. Болашаққа нық сеніммен беттедімТәрбие ғой жас ұрпаққа еккенім.Мені осындай жетістікке жеткізгенМақтан етем Жармыш орта мектебін.