Бізді ?орша?ан ?лемдегі т?ртб?рыштар (параллелограммдар, тікт?ртб?рыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар). (8 сынып)


Күні:
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған əлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар).
Сабақтың мақсаты:А) Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлар мен зерттеулер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту;Б) Қоршаған орта заттарындағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру, шығармашылықпен елестету қабілеттерін дамыту;В) Оқушыларды достыққа, ынтымақтастық пен бірлікке, топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу;Сабақтың типі: білімді жүйелеуӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, есеп шығару, ойын түрлері, СТОКөрнекіліктер: слайд, сызғыш, қималар, таратпа тапсырмаларБарысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:- Амандасу.- Оқушыларды түгелдеп, топқа бөлу.- Назарларын сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын тексеру:Эссе: «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар туралы» оқушылар ой - толғаныстарын оқып береді.Төртбұрыштың түрлері бойынша топтар өз ұрандарын таныстырады:1. «Төртбұрыштар» тобы: «Шығар. Ізден. Жаса. Ойлан!»2. «Ромбтар» тобы: «Іздену, шешу, ұқыпты санау, жеткізер бізді жеңіске»3. «Параллелограмм» тобы: «Ойлан. Есіңе түсір. Зертте. Қорытынды жаса!»3. Өткенге шолу:«Қайталау – оқу анасы»Математикалық диктант
Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма? (жоқ)
Кез келген параллелограмм төртбұрыш бола ала ма? (иә)
Кез келген квадрат тік төртбұрыш бола ала ма? (иә)
Кез келген тік төртбұрыш квадрат бола ала ма ? (жоқ)
Кез келген ромб параллелограмм бола ала ма ? (иә)
Кез келген параллелограмм ромб бола ала ма ? (жоқ)
Диагональдары тең және өзара перпендикуляр төртбұрыш квадрат бола ала ма? (жоқ)
Негізгі бөлім:«Ерте, ерте, ертеде...»Соңы сұрақтармен аяқталатын ертегімді тыңдаңыздар. Ертегі барысында қойылатын сұрақтарға топтарда ойлана отырып жауап беруге тырысыңдар.Күндердің күнінде барлық төртбұрыштар орман алаңына жиналып өздерінің ханзадаларын сайлап алмақшы болады. Олар ұзақ дауласып бір шешімге келе алмайды. Сол кезде бір кәрі параллелограмм дауды тоқтатыңдар, бәріміз жиналып төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші жетсе, сол ханзада болады. Бәрі келісіп ертелете алыс сапарға аттанады.Жолда фигуралар сылдырап ағып жатқан өзенге кездесті. Су иесі Сүлеймен «Кімде кімнің диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қаққа бөлінсе солар ғана өте алады»,- деді. Төртбұрыштардың кейбіреулері жағада қалып, ал қалғандары арғы бетке жүзіп өтіп сапарларын жалғастырды. Жолдарында биік тау кездесті де былай деп тіл қатты: «Кімдердің диагоналдары тең солар ғана өтеді»,- деді. Фигуралардың кейбіреуі тау етегінде қалды да, қалғандары аттанып кетті. Қанша жүргені белгісіз олар жіңішке ғана көпірі бар орға кездесті. Көпір бірден кімнің диагоналдары тік бұрыш жасап қиылысса, соны ғана өткіземін деді. Көпір арқылы бір ғана төртбұрыш патшалыққа бірінші болып жетіп, ханзада болып сайланды.2. Сұрақтар:Кім ханзада болды? (квадрат немесе шаршы)Оның басты қарсыласы кім? (тіктөртбұрыш)Кім бірінші болып жарыстан шығып қалды? (трапеция)Тау етегінде кімдер қалды деп ойлайсыңдар? (ромб пен параллелограм) ( Әр кезеңінде топтар бір - бірін фишка арқылы бағалап отыру)3.«Сәулетшілер» сайысы:Әр топтан бір «сәулетшіден» шығып түрлі түсті картон қағаздан қиылған- параллелограмнан- ромбыдан- квадраттан трапеция қиып түсіру қажет.4. Деңгейлік есептер шығаруА деңгейі1- есеп. <ВАС= 40°, < САД =20°. АВСД - ның қалған бұрыштарын табыңдар..2 -есеп.< BAD= 10°. ∆AOD - ның барлық бұрыштарын табу керек.В деңгейі3-есеп. Егер ABCD параллелограммының периметрі 24 см болса, оның қабырғаларын тап.АВ: ВС= 2: 1.4 есеп. ЕРКМ – ромб. ЕК=5см, < КЕМ=60°- қа тең. Ромбының периметрін тап.С - деңгейі6 есеп. Егер параллелограмның периметрі 24 см және АВ=АД болса, онда АВСД параллелограмның қабырғаларын тап.5. «Математиканың сұлулығы» (слайд көрсетілім)

Бекіту.Топтардың бір - біріне сұрағыКвадраттың тіктөртбұрыштан айырмашылығы? (барлық қабырғалары тең)Квадраттың ромбыдан айырмашылығы қандай? (барлық бұрыштары тік)Квадраттың параллелограмнан айырмашылығы? (барлық бұрыштары тік және барлық қабырғалары мен диагоналдары өзара тең)Үйге тапсырма: Трапеция мен параллелограмға және трапеция мен квадратқа Венн диаграммасын құрып келу. «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар» тақырыбына қосымша материал(реферат, слайд, қызықты мәлімет)Қорытындылау. Кері байланысБағалау