Коучинг Дарынды баламен жеке ж?мыс жасау


Тақырыбы: Дарынды баламен жеке жұмыс жасау
Мақсаты: Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, тәжірибелеріне енгізуге ықпал ету.
Міндеттері:
Мәтінмен жұмыс жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Топтау, дәлелдеу, ой-пікірлерін ашық айту дағдыларын қалыптастыру.
Топтасып жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Сыни ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижесі:
Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Кәсіби қоржындары әртүрлі әдіс-тәсілдермен толығады.
Сабақты жаңаша өткізу тәжірибелері жетіледі.
Бағалау: смайликтер, қорытынды сыйлықпен бағалау.
Әдістер: «Егер, онда» стратегиясы, «Фишбоун», танымдық ойындар, АКТ пайдалану, бағалау әдістерін қолдану, рефлексия
уақыт Коучтың іс -әрекеті Мұғалімдердіңіс-әрекеті ресурстар
3 мин   Жағымды ахуал қалыптастыру, «Бақыт коридоры» ойыны
Мұғалімдерді топқа бөлу.
« Әр түрлі шарлар». Шарларға алдын ала қатысушы мұғалімдердің санатына, өтіліне сәйкес деңгейлерге іріктеп, аттары салынады.  1-топ- тәжірибелі, санаты жоғары, бірінші, 2-топ-санатты, тәжірибесі 10-15 жыл, 3-топ-санаты аз, жас мамандар.  
  
 шарлар
 
 
20 мин Атақты ғалым Том Эдисон кішкентай кезінде сабақты өте нашар оқыпты. Бір күні ол үйге жылап келеді. Қолындағы мұғалімі жазған хатты анасына ұсынады. Өзі оқи алмайтын. Анасы хатты алып, көз жүгіртіп шығады да, дауыстап оқи бастайды: «Томның анасы. Сіздің балаңыз өте ақылды, данышпан. Біздің мектептің Сіздің балаңызға сабақ беруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан оны үйден оқытуыңызды сұраймыз».
Арада көптеген уақыт өтті. Том Эдисон әлемге танылған атақты ғалым болды. Күндердің бір күнінде ескі қағаздарды атқарып отырып, ол сарғайған хаттар арасынан сол баяғы хатты тауып алды. Онда былай жазылған еді: «Томның анасы. Сіздің балаңыз өте ақылсыз, сабақ оқуға қабілеті жоқ. Біздің мектеп бұдан ары қарай Сіздің балаңызға сабақ бере алмаймыз. Сондықтан оны үйден өзіңіз оқытуыңызды сұраймыз». Анасының аналық жүрекпен өзін осы деңгейге жеткізген ерлігіне тәнті болған ғалымның көз жасы қағаз беттеріне тырс-тырс тамып жатты. 1-топ: «Фишбоун» («Балық қаңқасы» стратегиясы)
2-топ: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Парақ бетін тік сызықпен ортасынан бөліңіз.
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазыңыз. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазыңыз (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
3-топ: «Егер..., онда...» стратегиясын пайдаланып, бірнеше нұсқада сөйлемдер жазыңыз. Плакаттар, маркерлер, стикерлер
Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі. «Жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес. Түрлі-түсті белгілер
15 мин Морфологиялық карта
құмыра қасқыр шегіртке батыр Күлшеқыз
қарға сиқыршы
1-топқа: Топтық поэма
2-топқа: Ертегі құрастыру
3-топқа: Әңгіме құрастыру Кесте, қағаздар
2 мин Сергіту сәті. «Севен ап»
Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «жеті» деудің орнына «севен-ап» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. « 7 керемет құпиясы»
1-топқа: 7 керемет адам. Олар несімен керемет?
Бейне көрініс. «Ник Вуйчич – керемет адам»
2-топқа: 7 керемет жануар . Олар неге керемет?
3-топқа: Әлемнің 7 кереметі
Бейне көрініс. «Әлемнің жеті кереметі»
Топтарға кесте бойынша тізім жасату. Неге жасағанын қорғау, дәлелдеу. Қағаздар, бейнекөрі ністер
5 мин РЕФЛЕКСИЯ.
Кесте бойынша
Кесте
РЕФЛЕКСИЯ
Не сәтті болды ? НЕ сәтсіз болды?