Тік т?ртб?рышты? (шаршыны?) периметрі мен ауданы. (3 класс)


Тексерілді: Г. Сагиева
Пән мұғалімі: Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы Күні:24.11.2015 Пәні: математика Класс: 3 "Г"
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылардың білім – білік дағдыларын тиянақтай отырып, ауданның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Күтілетін нәтиже: - Ауданды өлшеуді меңгереді. Кестелік көбейту мен бөлуді меңгереді,дағдыланады.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдас-тыру кезеңі - Психологиялық ахуал тудыру Психологиялық дайындық. Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Табыс тілеп көзбенен Жаңа білім алуға , Алға қадам аттаймыз. Ой қозғау1.Сыныпта тыныштық сақтаймын 2.Бір-бірімізді тыңдаймын3.Қапталдасып сөйлеймін 4.Мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдаймын5.Жолдастарыма қарсы сөйлеймін6.Далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеремін7.Қыз балаларға жол беремін 8.Үлкендерге құрмет көрсетемін9.Сыныпта барлық тапсырманы тек өзім ғана орындаймын10.Мен бүгінгі сабаққа дайынмын. Тренингке қатысады,бәрі бірге қайталайды
Топбасшыны стикерді орындыққа жапсыру арқылы таңдалды.
Үш шапалақ Смайликтер
Қызығушы-лықты ояту -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз- жай сабақ емес.Бүгін біз өмір талабына сай құрылған фирмалармен жұмыс істейміз. Біз бір ірі проблемалар шеше қоймаспыз, бірақ еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Көптеген қазақстандықтар шағын бизнесті дамытып, ел экономикасын көтеру мақсатында еңбек етіп жатыр.Біз қазір төрт топқа бөлініп алайық.
Топтың ережесі: 1. Тыныштық сақтау; 3. Қол соғу; 2. Бірін-бірі тыңдау; 4. Ойын ашық айту. 1-топ «Сникерс», 2- топ Баунти», 3- топ «Пикник», 4-топ «Твикс» фирмасы болсын.Әр фирманың президентін сайлаймын Мен барлықтарыңның үстілерінен қарайтын директормын.(Әр фирманың өз аттары жазылған қағаздар ілінеді). Қазір әр фирмаға іс-қағаздары таратылады.Фирманың болашағы осы тапсырманы орындауға байланысты болмақ.Фирма үшін есеп- ең басты сала.Әр есепті дұрыс шығарған сайын фирманың қорын толтырып отырасыңдар. Әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушы өзін-өзі бағалайды және топ басшысы баға қойып отырады.
Ауызша есептеу.Тізбектеп көбейту кестесін сұрау.
-Үй тапсырмасын тексеру.№7 Теңдеулерді шешіп келу.
12 : х = 6 х * 10 = 30 х * 100 = 900
9 * х = 45 50 * х =400 72 : х = 8
-«Конверт-сұрақ» әдісі4 топқа бірдей тапсырма беріледі.Әр топ бір уақытта бастайды,барлық топтың жұмыстарын белгілеуге 2 минут уақыт беріледі.жауаптары оқылады,сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. 
Барлық бұрышы тік және қарама-қарсы қабырғалары тең төртбұрыш -Фигураның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі -Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы -Квадрат сантиметрге бөлінген мөлдір пластина - -Шоколад аттарымен топқа бөлемін.
-атайды
-Үй тапсырмасын біреу оқиды қалғаны тексеріп өзін өзі бағалайды
-Ауызша тез есептейді.
-Математикалық тілде жауап беру
-топпен орындайды
Жауап:
- Фигураның  ауданы, периметрі ұғымдарын, тік төртбұрыш пен шаршының  қасиеттерін қайталайды.
"Үш
шапалақ» Кеспе қағаздар
Мағынаны тану -Геометриялық фигураларға нелер жатады?
Бүгінгі сабақта тік төртбұрыштың , шаршының периметрі мен ауданын табуды жалғастырамыз.
-Тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттері қандай?
-Ауданның өлшем бірліктерін ата.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Көркем жазу. 18
№1. А) Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы қалай табылғанын жазуды пайдаланып, түсіндір:
3+ 4 + 3 + 4 = 14 3 * 4 = 12
3 * 2 + 4 * 2 = 14 4 * 3 = 12
(3 + 4) * 2 = 14
Жауабы: 14 см. Жауабы: 12 см2.
Ә) Шаршының периметрі мен ауданы қалай табылғанын жазуды пайдаланып, түсіндір;
2 + 2 + 2 + 2 = 8 2 * 2 = 4
2 * 4 = 8
Жауабы: 8 см. Жауабы: 4 см2.
Б) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлше. Олардың аудандары мен периметрлерін тап.
№2. Кішкене күнтізбенің ұзындығы 10 см, ені 7 см. Осы күнтізбе бетін неше квадрат сантиметрге (см2–ге) бөлуге болады? Ш: 10*7 = 70см2
№3. Шиелі – Телікөл каналының ұзындығы 90 км, ал Шиелі – Шіркейлі каналы одан 49 км ұзын. Екі каналдың ұзындығы неше километр?
-Есеп нелер туралы?
-Есепте не белгілі?
-Не белгісіз?
-Бізден не сұрайды?
№4. Бекіре балығының массасы 80 кг. Оның массасының төрттен бір(1/4) бөлігі қара уылдырық болады. Бекіренің қара уылдырығы неше килограмм?
№5. Бос тор көзге тиісті санды жаз:
6 бірл. * 5 =... бірл. 6 см * 5 = ...см 9 кг * 5 = ....кг
6 онд. * 5 =... онд . 6 дм * 5 = ....дм 7 л * 4 =.... л
18 бірл. : 2 =... бірл . 30 см : 6 =... см 12 кг : 3 = ....кг
9 онд. : 3 =... онд . 30 дм : 6 =.... дм 21 л : 3 = ....л
№6. 4 топқа 4 бағанды беремін.
40 5 27 45
30 7 28 32
100 5 29 2
-Сергіту сәті. -Өз ойларын бөлісу арқылы талдайды.
Шаршының ауданын табу үшін оның ұзындығын  өзіне – өзін көбейту керек.
S =a*a
Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне көбейту керек.
S =a*b
-Тапсырманы оқиды.
-орындайды
Дарынды оқушыға:
(30 + 6) : 3 =
(300+6):3=
(300+60+3):3=
90:3+3:3=
900:3+60:3+3:3=
Үлгерімі төмен оқушыға:
Сергіту сәтінде дене жаттығуларын жасату. Ойланайық бір мезет,Бақылайық, байқайық.Есептерді шығарыпЖауап берген балағаАқыларын салайық !- деп оқушыларды ақшамен бағалаймын.
№1 2000
№2 1000
№3 500
№4 200 Тақырыптық суреттер
Оқулық
93-94 бет
Көбейту кестесі
Ой толғаныс Ұзындығы 8см 40дм 40см 4дм 5дм 12дм
Ені 5см 10дм 3см 3дм 3дм 8дм
Ауданы 40см2 400дм2 120см2 12дм2 15дм2 96дм2
Периметрі 26см 100дм 86см 14дм 16дм 40дм
-« Қарлы кесек»
1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг) 2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)
3) 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3) 4)Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4ұл1қыз   
5)Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма6) 2 сиырдың мүйізі нешеу? 47). 5 қойдың басы нешеу? 58) 3 адамның қолы нешеу? 6-Ассоциация "Математика" шығармашылық                 ғылым                                          оқулық  
тапсырмалар                                                                            есеп
 сандар, цифрлар              Математика геометриялық фигуралар    
           көбейту кестесі                                             амал таңбалар
Жұптық жұмыс;
Мадақтау Рефлексия Бүгінгі сабақта мен...үйрендім.
Маған... қызықты болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... түсіндім. Оқушылармен кері байланыс жасау арқылы бүгінгі сабақтан ұққандарын өз ойларын жазу Мадақтау Қорытынды-лау
- Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу/- Неге жақсы өтті?- Неге жақсы өтпеді?
-Бүгін біз аз жұмыс істеген жоқпыз.Енді президенттер өз қызметкерлерін бағалауы қажет.(Президенттер топ мүшелерін бағалайды, мұғалім ,яғни директор қорытынды баға қояды. Әр фирманың жинаған қоры есептеледі).
Үйге тапсырма:№7, 94-бет
Шығармашылық тапсырма
Төр көздерге орналастыр:
5 1
5 2 3 5
4 5 5 1 – дің төртеуін;
2 – нің төртеуін;
3 – тің төртеуін;
4 – тің төртеуін.
Есіңде болсын! Әр бағандағы және әр жолдағы сандардың қосындысының мәні бірдей болуы тиіс.
Сабақ аяқталды! -Күнделіктеріне белгілеп алады. Көңіл-күйлерін білдіреді.