Календарно-тематическое планирование по факультативу ?аза?ша с?йлейік


«Қазақша сөйлейік» атты факультатив сабағының
І тоқсан бойынша есебі
Мектебімізде 2016-2017 оқу жылының І тоқсанынан бастап орыс тілде оқытылатын мектеп алды даярлық тобында«Қазақша сөйлейік» атты факультатив сабақтары жүргізіліп жатыр. Факультатив сабағының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Шукенова Ж.Ф., білімі – жоғары, санаты – жоқ, еңбек өтілі – 2,2 жыл.
Факультатив сабағының мақсаты: Орыс тілде оқытылатын оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын кеңейту, қазақтың салт-дәстүрлерін меңгерту.
Міндеттері:
Оқушылардың алған білімдерін одан әрі жетілдіру;
Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын ояту.
Үйірме аптасына 2 рет дүргізіледі. Үйірмеде өзге ұлт өкілдерінің оқушыларын қызықтыратындай тек оқу мен жазу ғана емес, сол сияқты әр түрлі диалог, монолог құрастыру, бейнероликтер, қазақша санамақтар, презентациялар көрсетіледі. І тоқсан бойынша келесідей тақырыптар өтілді:
Менің сүйікті балабақшам;
Жыл мезгілі – күз. Күз киімдері;
Түстер, сандар;
Өсімдік әлемі (көкөністер, жемістер);
Кел балалар ойнайық.
Балалар сабаққа белсенді қатысады, қазақ сөздерін қайталайды, онға дейін қазақша санауға үйреніп жатыр.
Факультативтің жетекшісі: Шукенова Ж.Ф.